Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы
келісімді бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің
көші-қон органдары басшылары
Кеңесін құру туралы
КЕЛІСІМ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттер, бұдан әрі - Тараптар деп аталады,
көші-қон саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән бере, көші-қон саясаты негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдарды үйлестіруге ұмтыла,
осындай ынтымақтастықты дамыту олардың халықтарының мүддесіне жауап беретінін сезіне,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып,
төмендегідей туралы келісті:
1-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары басшылары Кеңесі, бұдан әрі Кеңес деп аталады, құрылсын.
2-бап
Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары басшылары Кеңесі туралы ереже негізінде жүзеге асырылады.
3-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен, ал заңнамасы оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін Тараптар үшін, депозитарийге аталған рәсімдерді орындау туралы жазбаша хабарлама келіп түскен күннен бастап күшіне енеді.
4-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалар түрінде ресімделіп, осы Келісімнің 3-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
5-бап
Осы Келісімге оның ережелерін ұстанатын және осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-басқа мемлекеттердің қосылуына жолы ашық. Қосылатын мемлекет үшін Келісім депозитарийге қосылуы туралы құжаттар келіп түскен күнінен бастап күшіне енеді.
6-бап
Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен шығатын күнінен 6 айдан кешіктірілмей депозитарийге өз ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып шыға алады.
Душанбе қаласында 2007 жылы 5 қазанда орыс тіліндегі түпнұсқалық бір данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.
Әзірбайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін Түрікменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы-
мемлекеттердің Көші-қон
органдары басшыларының
кеңесін құру туралы
2007 жылғы 5 қазандағы
келісімге қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің
көші-қон органдары басшылары Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже
1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Көші-қон органдары басшылары Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) салалық ынтымақтастығының органы болып табылады және көші-қон саясаты саласындағы өзара іс-қимылдардың үйлестірілуі мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
1.2. Кеңес өз қызметінде ТМД негізін қалайтын құжаттарды, ТМД қатысушы-мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарды, Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады. Кеңес өз қызметін ТМД Атқарушы комитетімен және ТМД қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асырады.
2. Кеңес қызметі мен функцияларының негізгі бағыттары
2.1. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары: ТМД аясында келісілген кеші-қон саясатын құру мақсатында ТМД қатысушы-мемлекеттердегі көші-қон үдерістерін реттеу саласында ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон заңнамаларын үндестіру мақсатында бірыңғай көзқарастарды қалыптастыруға ықпал ету;
көші-қон саясатының негізгі бағыттары бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон және өзге де мүдделі органдарының өзара іс-қимылдарын үйлестіру;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің азаматтары және ТМД қатысушы-мемлекеттерінде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылатын көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ету;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу жөніндегі деректер қорын біріктіруге жәрдемдесу;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қоны саласында қабылданған мемлекетаралық және үкіметаралық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
2.2. Кеңестің негізгі функциялары:
ТМД қатысушы-мемлекеттердің Көші-қон органдары ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша нысаналы бағдарламалар әзірлеу;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон заңнамаларын үндестіру бойынша бірыңғай көзқарастар қалыптастыру;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон және өзге де мүдделі органдарының еңбекші-көшіп-қонушылар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылдарын үйлестіру;
заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету жөнінде іс-шаралар еткізу бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген ұсыныстар әзірлеу;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің азаматтары мен ТМД қатысушы-мемлекеттерде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын, биометриялық деректері берілген құжаттарын қолданысқа енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің тиісті органдарымен, ТМД басқа органдарымен, сондай-ақ халықаралық пен үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
ТМД аясында көші-қон саласындағы қабылданған құжаттарды іске асыру барысын қарау;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдарымен Кеңес шешімдерін іске асыру барысы мен қорытындыларын қарау;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары арасында өзара тәжірибе және ақпарат алмасуға, оның ішінде әдістемелік көмек көрсетуге ықпал ету;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары үшін кадрлар даярлау және біліктігін арттыруды ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
Кеңес құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
3. Кеңестің құқықтары
Кеңес:
Мемлекет басшылары Кеңесінің, ТМД Үкіметтері басшылары Кеңесінің және ТМД қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қарауына белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
өз құзыреті шегінде ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдарының ынтымақтастығын дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға;
тұрақты немесе уақытша жұмыс топтарын құруға;
ғалымдар мен мамандарды тартуға;
өз құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешуге құқылы.
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
4.1. Кеңес мүшесі тиісті мемлекетпен белгіленген ТМД қатысушы-мемлекеттері Көші-қон органының басшысы болып табылады. Әр мемлекет Кеңесте бір дауысқа ие. Отырысқа келе алмаған Кеңес мүшесі Кеңес отырысында шешім қабылдауға тиісті өкілеттігі бар өз өкілін жіберуге құқылы. Кеңес құрамына кеңесу дауыс беру құқығымен ТМД Атқарушы комитетімен және ТМД қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері кіреді.
4.2. Кеңесте төрағалық етуді әр Кеңес мүшесі кезекпен жүзеге асырады, ол Достастыққа қатысушы-мемлекеттері атауларының орыс әліпбиі тәртібімен ауыстыру негізінде, Кеңес шешімімен өзгеше белгіленбесе, бір жылдан аспайтын мерзімге сайланады.
Кеңестің алдыңғы және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
4.3. Кеңес төрағасы:
Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Кеңес отырыстарын өткізеді;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің үкіметтеріне Кеңестің атынан құжаттарға қол қойып, жолдайды;
ТМД органдарында белгіленген тәртіппен Кеңесті ұсынады;
өз құзыреті шегінде Кеңестің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдармен олардың жұмысшы (атқарушы) органдары деңгейінде байланыстарын қолдайды және дамытады;
ТМД қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары арасында өзара іс-қимылдарды қамтамасыз етуге ықпал етеді;
Кеңес қызметін қамтамасыз етумен байланысты өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
4.4. Кеңес өз жұмысының реттемесін бекітеді.
4.5. Кеңес отырысы, әдеттегідей, жылына екі рет өткізіледі.
4.6. ТМД қатысушы-мемлекеттері көші-қон органдары Кеңес отырысында қарау үшін ұсыныстар дайындайды.
Ұсыныстар құжаттардың немесе олардың тұжырымдамаларының алдын ала жобалары түрінде енгізіледі.
Мәселені күн тәртібіне енгізу туралы соңғы шешімді Кеңес қабылдайды.
4.7. Кеңес отырыстары егер Кеңес мүшелерінің немесе олардың өкілетті өкілдерінің жартысынан көбі қатысқанда құқықты.
4.8. Кеңестің қағидалы мәселелері жөніндегі шешімі қатысушы-мемлекеттердің бірінің қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдауға кедергі ретінде білдірген ресми қарсылығы жоқ болған жағдайда қабылданады. Кеңестің кез келген мүшесі өзінің осы немесе өзге мәселеде мүдделі еместігі туралы мәлімдей алады, бұл шешім қабылдауға, сондай-ақ Кеңестің осы мүшесінің қабылданған мәселеге кейіннен қосылуына кедергі болмайды. Рәсімдік мәселелер жөніндегі шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады.
4.9. Кеңес шешімі ұсынымдық сипатта ие.
4.10. Кеңес шешімі бойынша оның жұмысына бақылаушы ретінде басқа мүдделі мемлекеттер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады. Кеңестің отырыстарына ТМД қатысушы-мемлекеттердің мүдделі органдарының, ТМД органдары мен басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары мен сарапшылары шақырылуы мүмкін.
5. Кеңес хатшылығы
5.1. Кеңес Хатшылығы қызметін басшысы Кеңес төрағасы болып табылатын мемлекеттің Көші-қон органы ТМД Атқарушы комитетімен және ТМД қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен өзара әрекеттесе отырып атқарады.
5.2. Кеңестің хатшысын Кеңес төрағасы тағайындайды.
5.3. Кеңес қабылдаған құжаттардың депозитарийі ТМД Атқарушы комитеті болып табылады.
6. Қаржыландыру
Кеңес отырыстарын дайындау және өткізу жөніндегі шығындарға Кеңес отырысы өткізілетін аумақтағы мемлекет жауап береді.
Кеңес мүшелері мен сарапшыларын іс сапарға жіберу шығындарына жолдайтын мемлекет жауап береді.
Кеңестің қабылдаған шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын барлық жұмыс түрлері мен бірлескен бағдарламалар ТМД қатысушы-мүдделі мемлекеттердің өз қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
7. Қорытынды ережелер
Кеңес ТМД мемлекеттері басшыларының шешімі бойынша өз қызметін тоқтатады.