Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 149 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулері туралы келісімге хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 345  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың визасыз жол жүрулері туралы келісімге хаттамаға қол қойсын.".

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады