Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз портының тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "Теңіз портының" деген сөздердің алдынан "Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын" деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "кемелерге тиеу (түсіру) жөніндегі қызметтер" деген сөздер "күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайлар қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "Әуежайлар" деген сөз "Әуежайлардың реттелетін" деген сөздермен ауыстырылсын және бүкіл мәтін бойынша "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттелетін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "тұрағы үшін" деген сөздерден кейін "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "тұрағы үшін" деген сөздерден кейін және 22-тармақтың 6) тармақшасындағы "тасымалдау процесінің" деген сөздердің алдынан "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "жүруі үшін" деген сөздерден кейін "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "жүруі үшін" деген сөздерден кейін "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі