Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелері үшін материалдық ынталандырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 167 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын - Паралимпиялық ойындарға қатысушыларды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы құрама командаларының бірінші - алтыншы орын алған спортшыларына, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына - мүшелеріне - Паралимпиялық ойындарға қатысушыларға жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша біржолғы төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берілетін күнге белгілеген бағам бойынша мынадай мөлшерлерде және баламалы сомада белгіленсін:
      1-орын - 50 000 (елу мың) АҚШ доллары
      2-орын - 35 000 (отыз бес мың) АҚШ доллары
      3-орын - 25 000 (жиырма бес мың) АҚШ доллары
      4-орын - 14 000 (он төрт мың) АҚШ доллары
      5-орын - 6 000 (алты мың) АҚШ доллары
      6-орын - 4 000 (төрт мың) АҚШ доллары.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады