"Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу және "Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 57, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар бекiтiлсiн:
      1) спортшыларға халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      Олимпиада ойындарында:
      алтын медаль үшiн – 250000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 150000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 75000 АҚШ доллары;
      4-орын үшін – 30000 АҚШ доллары;
      5-орын үшін – 10000 АҚШ доллары;
      6-орын үшін – 5000 АҚШ доллары;
      Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда:
      алтын медаль үшiн – 50000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 35000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 25000 АҚШ доллары;
      4-орын үшін – 14000 АҚШ доллары;
      5-орын үшін – 6000 АҚШ доллары;
      6-орын үшін – 4000 АҚШ доллары;
      әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 15000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 7000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      әлем чемпионаттарында (олимпиадалық емес спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 1800 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;
      Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;
      Дүниежүзілік Универсиадада:
      алтын медаль үшiн – 15000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында:
      алтын медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;
      Азия чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 1400 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 900 АҚШ доллары;
      жастар арасындағы әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 3500 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;
      әлем рекордын орнатқаны үшін (олимпиадалық спорт түрлерінен) – 5000 АҚШ доллары;
      2) жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      Олимпиада ойындарында:
      алтын медаль үшiн – 250000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 150000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 75000 АҚШ доллары;
      4-орын үшін – 30000 АҚШ доллары;
      5-орын үшін – 10000 АҚШ доллары;
      6-орын үшін – 5000 АҚШ доллары;
      Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда:
      алтын медаль үшiн – 50000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 35000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 25000 АҚШ доллары;
      4-орын үшін – 14000 АҚШ доллары;
      5-орын үшін – 6000 АҚШ доллары;
      6-орын үшін – 4000 АҚШ доллары;
      әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;
      әлем чемпионаттарында (олимпиадалық емес спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 1800 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;
      Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 2000 АҚШ доллары;
      Дүниежүзілік Универсиадада:
      алтын медаль үшiн – 15000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында:
      алтын медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 2000 АҚШ доллары;
      Азия чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 1400 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 900 АҚШ доллары;
      жастар арасындағы әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):
      алтын медаль үшiн – 3500 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;
      әлем рекордын орнатқаны үшін (олимпиадалық спорт түрлерiнен) – 3000 АҚШ доллары.»
      2. «Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 94-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады