"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 27 ақпандағы
N 197 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде аттестатталған асыл тұқымды мал зауыттарына, малды асылдандырушы шаруашылықтарға, малды асылдандырушы және дистрибьютерлік орталықтарға, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
2. Субсидиялар:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - тауар өндірушілер) сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) құнын 50 %-ға дейін ішінара арзандатуға;
2) республикалық мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі асылдандырушы орталық (бұдан әрі - асылдандырушы орталық), етті құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылықтары (бұдан әрі - асылдандырушы шаруашылық) және қостанай асыл тұқымды жылқы зауыты мал тұқымын асылдандыру ісін дамыту үшін сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың (бұдан әрі - жабдықтар), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасы мен ұйымдастыру техникасының (бұдан әрі - техника) құнын толық өтеуге;
3) малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалары мен тұқымды қошқарларын, шетелдік селекцияның ұрықтары мен эмбриондарын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
4) асылдандырушы шаруашылыққа асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
5) қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
3. Субсидиялар мыналарға төленеді:
1) асыл тұқымды мал зауыттарына және (немесе) шаруашылықтарға асылдандыру бағасын анықтау деңгейінен кейін тауар өндірушілерге сатылған өз төлінен өсірген асыл тұқымды төл үшін;
2) асыл тұқымды құс зауыттарына - ата-енесі жағынан, ал асыл тұқымды шаруашылықтарға ата-енесі немесе ата-анасы жағынан асыл тұқымды жұмыртқасын сатқаны үшін. Халыққа сатылған асыл тұқымды жұмыртқа субсидиялауға жатпайды;
3) егер олар өздерінің асыл тұқымды бұқалардың сапасына қарай бағаланған ұрығын (бұдан әрі - ұрық) пайдалана отырып, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызметтер көрсетсе және (немесе) оларды тауар өндірушілерге табынды өз төлінен өсіру үшін сатса, малды асылдандырушы орталықтарға. Дистрибьютерлік орталықтарға, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғаларға сатылған ұрық субсидиялауға жатпайды;
4) тауар өндірушілерге сатылған табынды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылған және қолда бар немесе малды асылдандырушы дистрибьютерлік орталықтардан сатып алынған, дистрибьютерлік орталықтарға, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғаларға сатылған ұрық үшін.
4. Тауар өндірушілерге тегін берілген, сондай-ақ аффирленген тұлғаларға, айырбас немесе өзара есептесу есебіне сатылған асыл тұқымды өнім (материал) субсидиялауға жатпайды.
5. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген субсидиялар белгіленген тәртіппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге іс жүзінде сатылған асыл тұқымды өнім (материал) үшін жергілікті атқарушы органдар белгілеген квоталар шегінде төленеді.
6. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр түріне субсидиялар нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер асыл тұқымды өнімді (материалды) тауар өндірушілерге төленетін субсидия мөлшерін есепке алмай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен баға бойынша дербес сатады.
8. Облыстар бөлінісінде қаражатты бөлу сметасы, аудан, облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шартының, олардың сатылғаны туралы жиынтық актілердің ұсынылатын нысандарын, аналықтарды ұрықтандыру актісін, сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты малды асылдандырушы орталықтың, асылдандырушы шаруашылықтың, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының қаражатын бөлудің жылдық сметасын Министрлік бекітеді.
9. Асыл тұқымды өнімді (материалды) сатқаны үшін субсидиялар алу үшін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2008 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) мынадай құжаттарды:
асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шартын;
аталық бұқалардың ұрығын сатқан кезде аналықтарды ұрықтандыру актісін;
төлем құжаттарының (кассалық кіріс ордері, банктің төлем тапсырмасы немесе шот-фактура) көшірмелерін ұсынады;
2) бөлім ай сайын 3-күнге қарай, бірақ 2008 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей, өткен ай үшін бөлім басшысы бекіткен аудан бойынша асыл тұқымды өнімнің (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актіні, облыс әкімінің ауыл шаруашылығы департаментіне (басқармасына) (бұдан әрі - департамент (басқарма) төлем құжаттарының көшірмелерімен бірге асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шартының түпнұсқасын ұсынады;
3) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде тексереді, облыс бойынша асыл тұқымды өнімнің (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актіні жасайды және бекітеді, асыл тұқымды өнімнің (материалдың) оларда көрсетілген көлемі мен әрбір түріне субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды және белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиісті субъектілердің ағымдағы шоттарына тиесілі субсидияларды аударуды департамент (басқарма) белгіленген тәртіппен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық қазынашылық бөлімшелері), 2 данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсыну.
10. Малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, отандық немесе шетелдік селекцияның ұрығы мен эмбриондарын, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он жұмыс күн ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды және техниканы сатып алу үшін малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
Малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
11. Малды асылдандырушы орталықта асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, сақтауға, пайдалануға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджет ақшасын малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
12. Асылдандырушы шаруашылыққа асыл тұқымды құстарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін:
1) асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды құстарды сатып алу үшін асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады. Асылдандырушы шаруашылық асыл тұқымды құстарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
13. Асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
1) асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды ұстау жөніндегі есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды құстарды ұстау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды құстарды ұстауға құсты асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
14. Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының жабдықтар мен техника сатып алуға арналған шығындарын толық өтеу үшін:
1) қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт департаментке (басқармаға) жабдықтар мен техниканы Министрлікпен келісілген тізбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) жасалған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын жабдықтар мен техника сатып алу үшін қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады. Қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
15. Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
1) қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт департаментке (басқармаға) асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және олардың ұрығын сақтау жөніндегі есептемелердің бір данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған есептемелерді он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға асыл тұқымды жылқы зауытының ағымдағы шотына аударады.
16. Департамент (басқарма) осы Ереженің 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данадан ақы төлеу шотының тізілімін және ақы төлеу шотын ұсынады.
17. Департамент (басқарма) осы Ереженің 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
18. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджетте бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидиялар төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
19. Департамент (басқарма) ай сайын есептіден кейінгі 5-күнге дейін мерзімде, бірақ 2008 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру барысы, орындалған жұмыстардың көлемі, құны және тиімділігі туралы есепті ұсынады.
20. Ағымдағы нысаналы трансферттердің мақсатты, тиімді және уақтылы пайдаланылуына Министрлік және облыстардың әкімдері жауапты болады.
Облыстық бюджеттердің
2008 жылғы республикалық
бюджеттен асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуға
арналған нысаналы ағымдағы
трансферттерді пайдалану
ережесіне 1-қосымша
Субсидиялардың нормативтері
1. Асыл тұқымды төл субсидияларының нормативтері
Малдың түрлері мен
|
1 килограмм тірі салмағына
|
Ірі қара мал: |
|
сүтті бағыттағы: |
|
Қара-ала (голштин) сиыры |
150 |
Қызыл (қырдың қызыл) сиыры |
150 |
Қоңыр (алатау) сиыры |
150 |
Қызғылт сары шұбар
|
150 |
етті бағыттағы: |
|
Қазақтың ақбасты |
150 |
Әулиекөл сиыры |
150 |
Санта-гертруда сиыры |
150 |
Шарале сиыры |
150 |
Қойлар |
|
биязы жүнді бағыттағы: |
125 |
Қазақтың биязы жүнді қойы |
125 |
Қазақтың арқар мериносы |
125 |
Оңтүстік Қазақстан мериносы |
125 |
Солтүстік Қазақстан мериносы |
125 |
Австралия мериносы |
125 |
биязылау жүнді бағыттағы: |
|
Цигай қойы |
125 |
Қазақтың биязылау
|
125 |
Дегерес етті-жүнді қойы |
125 |
Етті-майлы бағыттағы: |
|
Еділбай қойы |
125 |
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді,
|
125 |
Құйрықты Сарыарқа қойы |
125 |
Гиссар қойы |
125 |
Қаракөл қойы |
125 |
Жылқылар |
|
өнімдік бағыттағы |
|
Қазақтың жабы жылқысы |
100 |
Мұғалжар жылқысы |
100 |
Көшім жылқысы |
100 |
спорт бағытындағы: |
|
Қостанай жылқысы |
300 |
Шошқалар |
|
Ірі ақ шошқа |
120 |
Немістің асыл текті шошқасы |
120 |
Дюрок |
120 |
Түйелер |
|
Қазақтың ай өркешті түйесі |
75 |
Аруана |
75 |
2. Тұқымдық бұқалар ұрығына арналған субсидиялардың
нормативтері
Асыл тұқымды мал
|
Ұрықтың 1 дозасына
|
Малды асылдандырушы
|
300 |
Дистрибьютерлік орталықтар |
280 |
Малды өз төлінен өсіру
|
280 |
3. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған
субсидиялар нормативтері, теңге
Асыл тұқымды
|
Аталық-енелік
|
Аталық-аналық
|
асыл тұқымды шаруашылықтарға |
||
Тауық (жұмыртқалағыш)
|
30 |
25 |
Тауық (еттік)
|
60 |
40 |
Үйрек жұмыртқасы |
35 |
30 |
4. Малды асылдандыру ісі үшін сатып алынатын жабдықтар мен техниканың құнын толық өтеу.
5. Республикалық мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі асылдандырушы орталығына асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды сатып алу, олардың ұрығы мен шетел селекциясы эмбриондарын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды толық өтеу.
6. Асылдандырушы шаруашылық үшін асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
7. Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
Облыстық бюджеттердің
2008 жылғы республикалық
бюджеттен асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамытуға
арналған нысаналы
ағымдағы трансферттерді
пайдалану ережесіне
2-қосымша
"Бекітемін"
_____________облысы
Ауыл шаруашылығы
департаментінің
(басқармасының)
басшысы______________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы "___" _________
____________облысы бойынша 200__ __________айындағы асыл тұқымды
өнімнің (материалдың)______________________________________________
(асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы,
асыл тұқымды жұмыртқа - қажеттісі қалдырылсын)
сатылуы және субсидиялар төлеу туралы
БІРІКТІРІЛГЕН ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ
Атауы |
Жылдық квота |
Сатылған асыл
|
||
ауданның |
асыл тұқымды
|
(кг, доза, дана) |
теңге |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Асыл тұқымды өнімнің
|
Жылдың басынан
|
Жылдың
|
Субсидияның
|
Төленуге тиісті, теңге |
|
жылдың
|
есеп беру
|
||||
|
|
|
|
|
|
* сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы____________(аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер ____________(аты-жөні, қолы)
Облыстық бюджеттердің
2008 жылғы республикалық
бюджеттен асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамытуға
арналған нысаналы
ағымдағы трансферттерді
пайдалану ережесіне
3-қосымша
"Бекітемін"
_____________облысы
Ауыл шаруашылығы
департаментінің
(басқармасының)
басшысы______________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы "___" _________
Асылдандыру орталығы, асылдандырғыш шаруашылыққа,
қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына
200__жылғы__________айында тиесілі субсидиялар туралы
Жиынтық ведомость
Шығын-
|
Бюджет қаража-
|
Сатып
|
Жылдың
|
Жылдың
|
Тиесілі соманың қалдығы, теңге |
Төленуге тиісті, теңге |
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы____________(аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер ____________(аты-жөні, қолы)