Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салыққа қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 994 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта "Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздер "Болат Бидахметұлы Жәмішевке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі