Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорны мен "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 235 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Нүркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - 1-серіктестік);

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.

      2. Қызметінің негізгі мәні:

      1) 1-серіктестік спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) 1 және 2-серіктестіктердің жарғысын бекітсін;

      2) 1 және 2-серіктестіктердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) 1 және 2 серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 235 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-116-жолмен толықтырылсын:

      "123-116. "Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС;

      "Қарағанды облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-16-жолмен толықтырылсын:

      "214-16. "Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" ЖШС".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 298-1 және 298-2-жолдармен толықтырылсын:

      "298-1 "Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" ЖШС

      298-2 "Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС".

      4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3 және 4-жолдармен толықтырылсын:

      "3. "Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" ЖШС

      4. "Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімдегі реттік нөмірлері 9 және 14-жолдар алып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады