Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 256 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қарашығанақ - Орал газ құбырын салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1151  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында "Орал қаласына табиғи газ жеткізу үшін ұзындығы шамамен 147 километр "Қарашығанақ - Орал" газ құбырын және екі автоматты түрде газ бөлу станциясын" деген сөздер "аудандардың елді мекендеріне газ жеткізуге мүмкіндік беретін екі автоматты түрде газ бөлу станциясы бар газ бұратын жоғары қысымды газ құбырын салып, ұзындығы шамамен 147 километр "Қарашығанақ - Орал" газ құбырын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады