"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Батыс Қазақстан, Шетпе кентінің маңынан цемент зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "КаспийЦемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 8 (сегіз) күнтізбелік жыл;
2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл;
3) жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов