Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 343 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда, кеден қоймасының кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарлардың кері экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, еркін қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулерде, тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулерде:
      "ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды" деген бағанда "ЕурАзЭҚ" деген сөз "ҚР" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмір 16-жолмен толықтырылсын:
      "16 бидай және меслин 1001***";
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "*** 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда қызметін реттеу жөнінде қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреттері шегінде бидай ұнының немесе бидай-қара бидай ұнының (ҚР СЭҚ ТН коды 1101 00) экспортын бақылауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады