Қолданыстағы құқық жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 355 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 маусымдағы N 166-ө өкімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қолданыстағы құқық жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2008 жылғы 16 сәуірдегі
                                                 N 355 қаулысымен
                                                   бекітілген

       Қолданыстағы құқық жүйесін Қазақстан Республикасы
        Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру
           жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары

Р/с
N
Іс-шара Аяқтау
нысаны
Орындаушы Орындау
мерзімі
1 2 3 4 5

1.

Медициналық айықтырғыштар-
да, кәмелетке толмағандарды
уақытша оқшаулау, бейімдеу
және оңалту орталықтарында,
қабылдау-таратушыларда мас
күйіндегі азаматтарды,
сондай-ақ алкогольден,
нашақорлықтан және
уытқұмарлықтан мәжбүрлеп
емдеудегі адамдарды,
әкімшілік қамауға алынған
адамдарды арнайы қабылдау
орындарында ұстау негіздері
мен тәртібін бекітуді
көздейтін Заң жобасын
әзірлеу және Қазақстан
Республикасы Парламентінің
Мәжілісіне енгізу

Үкімет
қаулысы

ІІМ (жи-
нақтау),
Әділет-
мині, ДСМ,
БҒМ

2008
жылғы
4-тоқсан

2.

Азаматтарды әлеуметтік
қорғау бөлігінде заңнаманы
үйлестіру мақсатында
"Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Заңның жобасын әзірлеу
және Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісіне
енгізу

Үкімет
қаулысы

Еңбекмині,
(жинақ-
тау), ДСМ,
Қоршаған-
ортамині,
Әділетмині

2009
жылғы
4-тоқсан

3.

2008 жылғы 20 ақпанда
Алматы қаласында қол
қойылған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 1994
жылғы 10 желтоқсандағы
"Байқоңыр" кешенін жалға
беру шартына Қазақстан
Республикасы азаматтарының
құқықтарына кепілдіктерді
қамтамасыз ету бөлігінде
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау бойынша
мемлекетішілік рәсімдерді
жүргізуді қамтамасыз ету


Әділетмині
(жинақ-
тау), СІМ

2008
жылғы
3-тоқсан

4.

Мемлекеттік органдардың
нормативтік құқықтық
актілер жобаларын және заң
жобалау жұмыстарының
жоспарларын әзірлеу кезінде
Конституциялық Кеңестің
шешімдерін міндетті түрде
есепке алуы туралы
ережелерді бекітіп беруді
көздейтін Үкімет қаулысы
жобасын әзірлеу

Үкімет
қаулысы

Әділетмині

2008
жылғы
3-тоқсан

5.

Заңнамалық акті мәтіндері-
нің мемлекеттік және орыс
тілдеріндегі әр түрлі оқылу
проблемасын шешу жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке
ақпарат

МАМ, мүд-
делі мем-
лекеттік
органдар

2008
жылғы
мамыр

6.

Тиісті кеңестер, ғылыми-
практикалық конференциялар
мен»дөңгелек үстелдер
отырыстарын өткізіп,
негізгі заңды құрметтеуді
қалыптастыруға бағытталған
арнайы іс-шаралар
ұйымдастыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

МАМ,
Астана,
Алматы
қалалары-
ның және
облыстар-
дың әкім-
дері

2008 -
2009
жылдар
ішінде.
Прези-
дент
Әкімші-
лігіне
тоқсан-
дар
қорытын-
дылары
бойынша
ақпарат

       Ескертпе :   аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                         министрлігі
      Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                         министрлігі
      БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                         министрлігі
      Еңбекмині        - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                         әлеуметтік қорғау министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                         қорғау министрлігі
      СІМ              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                         министрлігі
      МАМ              - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                         ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады