"Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 359 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат, 2004 ж., N 51, 670-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
      47-бапта:
      бірінші абзац "консулдық іс-әрекет үшін" деген сөздерден кейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінде белгіленетін тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;
      48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Консулдық алымның ставкалары, оны өндіріп алу, төлеу, есепке алу және төлеуден босату тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексіне сәйкес белгіленеді";
      49-бап алынып тасталсын;
      50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Консулдық алымдар Қазақстан Республикасының бюджетіне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес есепке алынады";
      51-бап алынып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады