Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 377 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 155 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 556  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:
      "Қызылорда" деген жолдағы "2078" деген сандар "2084" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "47486" деген сандар "47492" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда:
      "Қызылорда" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "68" деген сандар "69" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімі:
      1) әкім аппаратының құрылымында штат саны 5 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ететін бөлім құруды ұсынсын;
      өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады