Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 155 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 556 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде    
жариялануға тиіс.         

      "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және заңды құзырын сақтау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 155  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 277-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі туралы  ережеде :
       3-тармақтағы  "және Президент Әкімшілігі Басшысының" деген сөздер алып тасталсын;

       10-тармақта :
      1) тармақшадағы "алуға құқығы бар. Орталық мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар үшін міндетті болып табылатын қажетті ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар, егер арнаулы өкіл өзге мерзім белгілемесе, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі белгілеген жеті күн мерзімде табыс етіледі;" деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылсын;

       14) тармақшадағы  "беруге;" деген сөз "беруге құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 2), 3) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

       11-тармақ  алып тасталсын;

      12-тармақта:
       1) тармақшадағы  ", сондай-ақ іс-жүргізу барысына Президент Әкімшілігінің талаптарына сәйкес жауап береді" деген сөздер алып тасталсын.

       13-тармақта :
      бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлігі алып тасталсын;

       14-тармақ  алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) өздерінің бұрынғы жарияланған актілерін осы Жарлықпен сәйкестікке келтірсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады