Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 422 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 162 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 261-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесінде және оған қойылатын біліктілік талаптарында:
      9, 10, 11, 12-тармақтардың 2) тармақшасындағы "ұзақ мерзімді" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады