Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызметі аясындағы өзара іс-қимыл туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызметі аясындағы өзара іс-қимыл туралы келісімді бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңы
15-бабының
1) тармақшасына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында жасалған
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызметі аясындағы өзара іс-қимыл туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер
арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы
жарнама-көрме қызметі аясындағы өзара іс-қимыл туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер,
қорғаныс, қауіпсіздік, әскери-экономикалық (әскери-техникалық) ынтымақтастық мәселелері бойынша Тараптар арасында жасалған халықаралық шарттарды басшылыққа ала отырып,
Тараптардың қорғаныс қабілеттілігі және ұлттық қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
өнеркәсіптің қорғаныс саласында қалыптасқан және қайта құрылған өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялары кәсіпорындардың жағдайындағы өзара пайдалы әскери-экономикалық ынтымақтастықты нығайта отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар аумақтарында, сондай-ақ үшінші елдер аумақтарында, әскери, қосарлы және арнайы мақсаттағы өнімдер мен технологиялар көрмелерін (экспозицияларын) ұйымдастыруда және өткізуде Тараптар тұрақты өзара іс-әрекетті және ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2-бап
Тараптардың осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары:
Армения Республикасынан - Армения Республикасының Сауда және экономикалық даму министрлігі;
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеті;
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметі;
Тәжікстан Республикасынан - Тәжікстан Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігі;
Өзбекстан Республикасынан -»"Узмахсусимпэкс" мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.
Уәкілетті органдар сонымен катар халықаралық көрмелерде әскери мақсаттағы өнімдердің ұлттық экспозицияларын ұйымдастыру кезінде үйлестіруді жүзеге асырады.
Уәкілетті органдар өзгерген жағдайда, Тараптар дипломатиялық арналар арқылы ҰҚШҰ Хатшылығына кешіктірмей хабарлайды.
3-бап
Тараптар мынадай бағыттар бойынша өз күштерін шоғырландырады:
әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызмет аясындағы Тараптардың әскери-экономикалық ынтымақтастығына қатысушыларының, ұйымдарының және кәсіпорындарының арасындағы өзара іс-әрекетті кеңейту;
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер көрмелерінде өз ұйымдарының (кәсіпорындарының) бірыңғай ұлттық экспозицияларын қалыптастыру, ұлттық павильондарды құру;
меншікті қатысушылар ретінде көрмелік алаңдарды және басқа қызметтерді ұсынуды қоса алғанда, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ұйымдарына және кәсіпорындарына неғұрлым қолайлылық режимін жасау;
ҰҚШҰ шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық саласында бірыңғай жарнама-көрме алаң қалыптастыру;
әскери-экономикалық ынтымақтастық саласында жарнама-көрме қызмет мәселелері жөніндегі ақпаратпен және осы жұмыс тәжірибесімен алмасу;
әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызметті тікелей жүзеге асыратын ұйымдардың (кәсіпорындардың) өзара іс-әрекетін жүзеге асыру;
Мемлекеттік құпияны және Тараптар қатысушылары болып табылатын қолданыстағы халықаралық шарттар шеңберінде әскери мақсаттағы өнімдер туралы таралуы шектеулі ақпаратты қорғау жөніндегі шаралармен қамтамасыз ету.
4-бап
Тараптар:
жарнама-көрме қызметі жөніндегі ұжымдық органдарды (ұйымдық комитеттерді, екі жақты және көп жақты жұмыс топтарын) қалыптастыруды;
әскери мақсаттағы өнімдердің халықаралық көрмелерінде әскери мақсаттағы өнімдердің біріккен экспозицияларын құруды;
меншікті ұйымдар мен кәсіпорындарға арналған шарттарға тең шарттарда өздерінің ұлттық экспозицияларында осындай көрмелерге Тараптардың жекелеген ұйымдарының (кәсіпорындарының) қатысуына жәрдем көрсетуді іс жүзінде атқарады.
5-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар осы Келісімнің 4-бабында ескерілген ұйымдық комитеттер және тиісті жұмыс топтарымен мекемелерімен байланысты мәселелерді келіседі.
6-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар және келіспеушіліктер Тараптардың уәкілетті органдары арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда, Тараптар осы мәселелерді ҰҚШҰ мүше мемлекеттер арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қарауына жібереді немесе оларды шешудің өзге жолдарын келіседі.
7-бап
Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Тараптардың өзара келісімі бойынша және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен рәсімделеді және осы Келісімнің 8-бабында көзделген тәртіпте күшіне енеді.
8-бап
Осы Келісім ҰҚШҰ Хатшылығы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындалғанын растайтын төрт жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді, ол туралы ҰҚШҰ Хатшылығы барлық Тараптарды хабардар етеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім ҰҚШҰ Хатшылығына тиісті жазбаша хабарламаны тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
9-бап
Осы Келісім егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың әрекет ету мерзімі ішінде әрекет етеді. Душанбе қаласында 2007 жылғы 6 қазанда орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы оның куәландырған көшірмесін осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа жіберетін ҰҚШҰ Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін