Павлодар каласының N 2 сот ғимаратын және оның жапсарлас құрылысын республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 440 Қаулысы

      " Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
 

        1. Павлодар облысы әкімінің Павлодар қаласы, Дүйсенов көшесі, 11 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Павлодар қаласының N 2 сот ғимаратын және оның жапсарлас құрылысын (бұдан әрі - объектілер) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Павлодар облысы Соттар әкімшісі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
 

        2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 
 

        3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады