Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 445 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2006 жылғы 6 қарашада Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы 
келісім
(2010 жылғы 12 қазанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., N 1, 4-құжат)

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі,
      екі ел арасындағы қалыптасқан достық қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
      мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Тараптар мәдениеттің өзара мүддені білдіретін салаларындағы ынтымақтастықты, атап айтқанда:
      театр, музыка ұжымдарымен, жекелеген солистермен және орындаушылармен алмасуды;
      кинематография саласындағы ынтымақтастықты: кино шығаратын, кино көрсететін ұйымдар және кәсіпорындар туралы ақпарат алмасуды, кинофильмдермен алмасуды, кинофестивальдар және кинофорумдарға қатысуды, кинематографиялық ұйымдардың, шығармашылық одақтардың және кино өнері қайраткерлерінің тікелей байланыстарына жәрдемдесуді;
      Тараптардың бірі ұйымдастыратын халықаралық фестивальдерге қатысуды, көркемөнер көрмелерімен және халық шығармашылығы көрмелерімен алмасуды көтермелей отырып дамытады.

  2-бап

      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар екі елдің мұражайлары, кітапханалары және мұрағаттары арасындағы ынтымақтастықты және ақпаратпен алмасуды көтермелейді.

  3-бап

      Тараптар тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жекелеген мамандарының қатысуымен мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша екі жақты семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастырады.

  4-бап

      Тараптар өз өкілдерінің Тараптар мемлекеттерінде ұйымдастырылатын мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияларға, кездесулерге және конкурстарға қатысуына жәрдем көрсетеді.

  5-бап

      Тараптар мәдениет қайраткерлерінің кездесулерін өткізуді, көркемдік білім беру саласында тәжірибемен және мамандармен алмасуды, сондай-ақ бірлескен мәдени бағдарламаларды көтермелейді.

  6-бап

      Осы Келісімде көзделген қызметтің барлық турлері Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуға және қаржыландырылуға тиіс. Бұл ретте, егер әрбір жекелеген жағдайда шығындарды қаржыландырудың өзге тәртібі келісілмесе, әрбір Тарап осы Келісімді іске асыруға байланысты барлық шығыстарды дербес көтереді.

  7-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар оның ажырамас бөліктері болып табылатын жеке Хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 8-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

  8-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың бірде-біреуі кезекті бес жылдық кезең аяқталардан алты ай бұрын өзінің осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа хабарламаса, келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады.
      2006 жылғы 6 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының       Армения Республикасының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады