Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 459 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Статистикалық жүйені жетілдіру және мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 мамырдағы
N 459 қаулысына  
қосымша      

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.22 N 252 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.13 N 1445 Қаулысымен.

Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

Ахметов                     - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы               Премьер-Министрі, төраға

Смайылов                    - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы               агенттігінің төрағасы, төрағаның
                              орынбасары

Орынханов                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Қайрат Кәкімұлы               агенттігі Стратегиялық даму
                              департаментінің директоры, хатшы

Исекешев                    - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы               Премьер-Министрінің орынбасары –
                              Қазақстан Республикасының Индустрия
                              және жаңа технологиялар министрі

Әбденов                     - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы             халықты әлеуметтік қорғау министрі

Бәйменов                    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әлихан Мұхамедияұлы           қызмет істері агенттігінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

Жақсыбеков                  - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы           министрі

Ермегияев                   - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Талғат Амангелдіұлы           шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Жәмішев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы             министрі

Жұмағалиев Асқар            - Қазақстан Республикасының Көлік және
Қуанышұлы                     коммуникация министрі

Жұмағұлов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы            ғылым министрі

Имашев                      - Қазақстан Республикасының Әділет
Берік Мәжитұлы                министрі

Қайырбекова                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы             сақтау министрі

Қаппаров                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Жамбылұлы              ортаны қорғау министрі

Қасымов                     - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы    министрі

Мамытбеков                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы            шаруашылығы министрі

Марченко                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович        Төрағасы (келісім бойынша)

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы           газ министрі

Мыңбай                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы            ақпарат министрі

Оспанов                     - Қазақстан Республикасы Табиғи
Марат Мағауияұлы              монополияларды реттеу агенттігінің
                              төрағасы

Отаров                      - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Қадырхан Махмұтұлы            басқару агенттігінің төрағасы

Досаев                      - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы           даму және сауда министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2008 жылғы 16 мамырдағы
                                                N 459 қаулысымен
                                                      бекітілген

Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды пысықтау болып табылады.

      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Мемлекеттік статистика туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі Кеңес туралы Ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өңдеп шығаратын статистикалық деректермен алмасу жүйесін реттеудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
      2) мемлекеттік статистиканы жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттерді үйлестіру мен келісу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) әдіснамаларды, сауалнамаларды және статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу процестерін стандарттау және бірегейлендіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

      5. Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
      1) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрауға және алуға;
      4) мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу, сараптама мен консультация жүргізу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, ұйымдар, шетел мамандарын белгіленген тәртіппен тартуға.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңестің төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары атқарады.

      7. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі болып табылады.

      8. Жұмыс органы Кеңес жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады:
      1) күн тәртібін құрайды;
      2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

      9. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.

      10. Кеңес отырысының материалдары Кеңестің мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

      11. Кеңестің отырысы оның төрағасының жеке бастамасы, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы не Кеңестің қарауына ұсынылған материалдар негізінде Кеңестің мүшесінің бастамасы бойынша шақырылады.
      Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.27 N 1422 Қаулысымен.

      12. Кеңестің шешімі қарапайым кәсіпшілік дауыспен қабылданады, отырысқа төрағалық етушінің қолы қойылған Кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

      13. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру мемлекеттік статистиканы дамыту мен жетілдіруге арналған халықаралық ұйымдар бөлетін гранттар мен техникалық көмек құралдары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады