Жергілікті атқарушы органдар борышының 2008 жылға арналған лимиттері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 481 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексінің 203-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2008 жылға арналған лимиттері белгіленсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 21 мамырдағы
                                                N 481 қаулысына
                                                    қосымша

        Жергілікті атқарушы органдар борышының 2008 жылға
                     арналған лимиттері

N

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті
атқарушы орган
борышының
жергілікті бюджет
кірістеріне
пайыздық қатынас-
тағы борыш лимиті

1

Ақмола облысы

15

2

Ақтөбе облысы

15

3

Алматы облысы

15

4

Атырау облысы

15

5

Шығыс Қазақстан облысы

15

6

Жамбыл облысы

15

7

Батыс Қазақстан облысы

15

8

Қарағанды облысы

15

9

Қостанай облысы

15

10

Қызылорда облысы

15

11

Маңғыстау облысы

15

12

Павлодар облысы

15

13

Солтүстік Қазақстан облысы

15

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

15

15

Алматы қаласы

45*

16

Астана қаласы

45*

      Ескертпе:
      * жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ссуда капиталының ішкі нарығында қарыз ала алған жағдайда, лимиттің есептеуі осы жергілікті атқарушы органның бюджетке түсетін ағымдағы жеке тұрақты түсіміне, салық және салықтық емес түсімдердің және бюджеттік алымдарды (жеке кірістерді) қоспағанда, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің тиісті көлемі қатынасында белгіленеді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган борышының ең көп лимиті жеке кіріс көлемінің 45%-нан аспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады