Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге қол жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 503 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 174 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.23 № 174 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы экономикасын бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге қол жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1332 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге қол жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

      1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2008 жылғы 26 мамырдағы
                                             N 503 қаулысымен
                                                бекітілген

        Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге
    қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы
  жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға
             арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)

Р/с
N №
Іс-шара Аяқтау нысаны Орындау мерзімі Жауапты
орындау-
шылар
1 2 3 4 5
1. Бәсекеге қабілетті ментальділік

Бағдарламалық және өзге де құжаттарды өзекті ету жөніндегі шаралар

1.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлі-
гінің стратегиялық жоспары-
на:
білім беру процесіне
бәсекеге қабілеттіліктің
парадигмасын енгізу;
азаматтарды патриоттық
тәрбиелеуді күшейту
шаралары мен индикаторларын
(көрсеткіштерін) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008 жылғы
желтоқсан

БҒМ

2.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің стратегиялық
жоспарына мемлекеттік
қызметшілерді даярлау
мен біліктілігін арттырудың
оқу бағдарламаларына 2009
жылдан бастап бәсекеге
қабілеттіліктің парадигмасы
енгізу жөніндегі шараларды
қосу туралы мәселені
пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

МҚА
(келісім
бойынша)

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің стратегиялық
жоспарына мемлекеттік
ақпараттық саясатты іске
асыру шеңберінде ел
халқының бәсекелік
психологиясын, әсіресе
ментальдігін қалыптастыруға
бағытталған екпіндерді
күшейту жөніндегі шаралар
мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

МАМ

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асыратын шаралар

4.

Отандық кәсіпкерлерге олар
жүзеге асыратын
бизнес-процестердің сапасын
арттыру және корпоративтік
мәдениетті енгізу бөлігінде
жағдай жасау мен ынталандыру жөніндегі
арнайы шаралар кешенін
әзірлеу және Бәсекеге
қабілеттілік және экспорт
жөніндегі ұлттық кеңестің
қарауына енгізу

Отырыс
хаттамасы

2008
жылғы
желтоқсан

ИСМ, ЭБЖМ,
АШМ, ККМ,
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша)

Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің мониторингі, оны талдау және басты бағалау

5.

Бәсекеге қабілеттіліктің
қол жеткізілген деңгейіне
бағалау жүргізу үшін
"Бәсекеге қабілетті
ментальділік" басымдығын
іске асыру мониторингін
жүргізуді және проблемалы
мәселелерді жою жөнінде
ұсыныстармен жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз
ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

тоқсан сайын

МАМ, БҒМ,
МҚА
(келісім
бойынша)

2. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта

Бағдарламалық және өзге де құжаттарды өзекті ету жөніндегі шаралар

6.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының стратегия-
лық жоспарына сот жүйесі
жағдайының жақсаруын
сипаттайтын шаралар мен
индикаторларды (көрсеткіш-
терді) қосу туралы мәселені
пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ЖС
(келісім
бойынша)

7.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің стратегиялық
жоспарына мемлекеттік
қызметтер көрсетудің
салалық стандарттарын
әзірлеу жөніндегі шаралар
мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

МАҚ
(келісім
бойынша)

8.

Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің (қаржы
полициясының) стратегиялық
жоспарына сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
және қазақстандық қоғамда
сыбайлас жемқорлық
көріністерін халықтың
қабылдамауын қалыптастыру
жөнінде қабылданатын
шаралардың тиімділігін
сипаттайтын шаралар мен
индикаторларды (көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ЭСЖКА
(келісім
бойынша)

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асыратын шаралар

9.

Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің қарауына қолданыс-
тағы құқықтық ортаны
бәсекеге қабілеттіліктің
қажеттіліктеріне жауап
беретін деңгейге жеткізу,
соның ішінде бизнесті
жүргізудің құнын төмендету,
жеке меншік беріктілігінің
кепілі мен мүлтіксіз
қорғалуын қамтамасыз ету,
мемлекеттік органдардың
бақылау-рұқсат беру және
қадағалау функцияларын
орындау кезінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресу
нысандарын жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізу

Отырыс
хаттамасы

2009
жылғы
желтоқсан

ЭБЖМ, ИСМ,
Қаржымині,
Әділетми-
ні, АШМ,
ДСМ, ТЖМ,
ЖРА, ККМ,
БҚА,
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша)

10.

Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің қарауына бәсекеге
қабілеттіктің өсуіне
тәуелділікті және олардың
әсер етуін анықтайтын білім
беруге, инфрақұрылым мен
ҒЗТКӘ-ға инвестициялардың
талдамалық мониторингін
ұйымдастыру және өткізу
тәртібі жөнінде ұсыныстар
енгізу

Отырыс
хаттамасы

2008
жылғы
қараша

БҒМ, ЭМРМ,
ККМ, ИСМ,
АБА,
"Самғау"
АҚ
(келісім
бойынша)

Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің мониторингі,
оны талдау және басты бағалау

11.

Проблемалы мәселелерді жою
жөнінде ұсыныстар әзірлей
отырып, бәсекеге
қабілеттіліктің қол
жеткізілген деңгейіне
бағалау жүргізу үшін
"Макроэкономикалық,
институционалдық және
құқықтық орта" басымдығын
іске асыру мониторингін
жүргізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге
әрбір
мемлекет-
тік
органнан
ақпарат

тоқсан сайын

ИСМ, БҒМ, Әділетми-
ні, Қаржы-
мині, ККМ,
АШМ, МҚА,
ДСМ, ТЖМ,
БҚА, ЭМРМ,
АБА, ҰБ,
ЭСЖКА
(келісім
бойынша)

3. Инновациялылық және технологиялылық

Бағдарламалық және өзге де құжаттарды өзекті ету жөніндегі шаралар

12.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің стратегиялық
жоспарына:
инновациялық және
технологиялық дамудың сапалы
жақсаруын;
кәсіпкерлердің инновациялық
қызметі мен инновацияларды
коммерцияландыру жағдайлары-
ның жақсаруын және ынталан-
дырылуын сипаттайтын шаралар
мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ИСМ

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асыратын шаралар

13.

Әлемдік тәжірибені зерделеу
және ғылыми-зерттеу
ұйымдары, жоғары оқу
орындары, кәсіпорындар,
өндірушілер мен мемлекеттік
органдардың арасында
серіктестіктің алуан
түрлері мен тетіктерін
қалыптастыру және жұмыс
істету бойынша, сондай-ақ
шағын бизнестің инновациялық
зерттеулері мен оның
технологиялық жаңғыртылуын
қолдау жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Отырыс хаттамасы

2009 жылғы қыркүйек

БҒМ, ИСМ,
ЭБЖМ, ЭМРМ,
АШМ, ККМ,
"Самғау"
АҚ
(келісім
бойынша)

14.

Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің қарауына
Қазақстанда ІТ саласын
дамыту мәселесін енгізу

Отырыс хаттамасы

2008 жылғы қыркүйек

АБА, ЭБЖМ,
ИТКҚА
(келісім
бойынша),
"Самғау"
АҚ
(келісім
бойынша)

Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің мониторингі, оны талдау және басты бағалау

15.

Бәсекеге қабілеттіліктің
қол жеткізілген деңгейіне
бағалау жүргізу үшін
"Инновациялылық және
технологиялылық" басымдығын
іске асыру мониторингін
жүргізуді және проблемалы
мәселелерді жою жөніндегі
ұсыныстармен бірге жиынтық
ақпарат ұсынуды қамтамасыз
ету

ЭБЖМ-ге
ақпарат

тоқсан
сайын

ИСМ, БҒМ, ККМ, АШМ,
ЭМРМ, АБА

4. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері

Бағдарламалық және өзге де құжаттарды өзекті ету жөніндегі шаралар

16.

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
стратегиялық жоспарына
еңбек сапасын қазіргі
заманғы басқару саласында
мамандарды даярлау бөлігінде
шаралар мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

БҒМ

17.

Нормативтер мен энергия
тиімділігі стандарттарына
жататын энергияны жинақтау,
энергияны тұтыну санаты мен
энергияны тұтынатын жабдықтар спектрін дамытуға
ынталандыратын нақты
экономикалық тетіктерді
нормативтік құқықтық
айқындау жөніндегі мәселені
пысықтау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныс

2009 жылғы қазан

ЭМРМ

18.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің стратегиялық жоспарына:
энергия тиімділігін арттыру мен энергияны жинақтаушы технологиялар енгізуді; Қазақстанның энергия
генерациялайтын қуаттары мен электр желілері объектілерін, соның ішінде атом энергетикасын кезең-кезеңімен жаңғырту мен озық дамуын сипаттайтын шаралар мен индикаторларды (көрсеткіштерді) қосу туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008 жылғы желтоқсан

ЭМРМ

19.

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрлі-
гінің стратегиялық
жоспарына:
автожол саласында
мемлекеттік-жеке серіктестік
тетіктерін енгізу бөлігінде;
темір жол саласында темір
жол қызметтері нарығын
қалыптастыру, жолаушылар
тасымалдаудың сапасын
жақсарту, темір жол көлігінің техникалық
деңгейін әлемдік стандарттар
деңгейіне дейін арттыру,
сондай-ақ мемлекеттік-жеке
серіктестік негізінде
отандық машина жасауды
дамыту бөлігінде; 
әуе көлігінде әуе кемелері
паркін жаңарту, әуежай
инфрақұрылымын жолаушылар
мен жүктерге қызмет көрсету
бойынша халықаралық
стандарттарды қолдана отырып
қайта құру және жаңғырту,
радионавигациялық кешенді
халықаралық (транзиттік)
және ішкі әуе қозғалысына
шектеусіз қызмет көрсету
үшін халықаралық талаптарға
сәйкес келтіру бөлігінде;
су көлігінде теңіз және
ішкі кеме жолдарын, жағалық
инфрақұрылымды дамыту, теңіз
және өзен навигациясы қауіпсіздігін арттыру
бөлігінде;
трансконтиненталдық
тасымалдау бағыттарын
Қазақстанның пайдасына
өзгерту арқылы транзиттік
әлеуетіндегі;
көлік-коммуникация саласында
серпінді жобаларды
қалыптастыру және іске
асырудағы қайта құруларды
сипаттайтын шаралар мен
индикаторларды (көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008 жылғы желтоқсан

ККМ

20.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде "Д-50" мегажоба-
сын ұйымдастыру және іске
асыру бойынша халықаралық
келісім жасасуға бастамашы-
лық ету

Халықара-
лық
келісім
жобасы

2010
жылғы
желтоқсан

ККМ, СІМ, ЭМРМ

21.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
стратегиялық жоспарына
шығарылатын өнімдердің
экологиялық және биологиялық
тазалығы есебінен
агроөнеркәсіптік кешеннің,
сондай-ақ биоқайта өңдеу
кластерінің дамуын
қамтамасыз ететін
экспорттық әлеуетінің
өсімін сипаттайтын шаралар
мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

АШМ

22.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің стратегиялық
жоспарына жоғары дамыған
сауда орталығын қалыптасты-
руды сипаттайтын шаралар
мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ИСМ

23.

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігінің стратегиялық
жоспарына Қазақстанның
Орталық Азия өңірінің
туризм орталығы ретінде
қалыптасуына бағытталған
шаралар мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық
жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ТСМ

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асыратын шаралар

24.

Өндірістің энергия
тиімділігін, соның ішінде
қазақстандық кәсіпорындарды
олардың өнімділігін
арттыруға ынталандыру
жолымен арттыру жөнінде
кешенді ұсыныстар әзірлеу
және Бәсекеге қабілеттілік
және экспорт жөніндегі
ұлттық кеңестің отырысына
енгізу

Отырыс хаттамасы

2009 жылғы шілде

ЭМРМ,
Еңбекмині, Қоршаған-
ортамині
ИСМ, ЭБЖМ,
АШМ, ККМ,
БҚА

25.

Мыналар: 
биржалық тауар саудасы
жүйесін қалыптастыру және
дамыту;
сапасы мен түр-түрін
жақсарту, өндіріс шығындарын
азайту, "Оңтүстік" АЭА
аумағына әлемдік брендтерді
тарту есебінен тоқыма
өндірісі өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жөнінде кешенді
ұсыныстар әзірлеу және
Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің отырысына енгізу

Отырыс хаттамасы

2009 жылғы
қараша

ИСМ, АШМ, ЭМРМ, БҚА,
"Самғау"
АҚ
(келісім
бойынша)
 
  Оңтүстік-
Қазақстан
облысының
әкімдігі,
"Оңтүстік"
АЭА
(келісім
бойынша),
ИСМ

26.

Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің отырысына еңбек
өнімділігін арттыру, оның
ішінде оны заңнамалық
регламенттеу мәселесін
шығару

Отырыс
хаттамасы

2009
жылғы
наурыз

ЭБЖМ,
Еңбекмині,
ИСМ, АШМ,
ЭМРМ,
мүдделі
мемлекет-
тік
органдар

Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің мониторингі оны талдау және басты бағалау

27.

Бәсекеге қабілеттіліктің
қол жеткізілген деңгейіне
бағалау жүргізу үшін
"Бәсекеге қабілеттіліктің
тік және көлденең
аспектілері" басымдығын
іске асыру мониторингін
жүргізуді және проблемалы
мәселелерді жою жөніндегі
ұсыныстармен жиынтық ақпарат
ұсынуды қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге әрбір мемлекет-
тік
органнан
ақпарат

тоқсан
сайын

ЭМРМ, БҒМ,
ККМ, ИСМ,
АБА,
Еңбекмині,
АШМ, ТСМ,
Қоршаған-
ортамині,
БҚА,
Оңтүстік-
Қазақстан
облысының
әкімдігі

28.

Энергияны үнемдеу мәселелері
бойынша халық арасында
түсіндіру жұмыстарын жүргізу
үшін әлеуметтік мемлекеттік
тапсырыс негізінде үкіметтік
емес ұйымдарды тартуды
қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге
есеп

тоқсан
сайын

ЭМРМ, МАМ,
ТМРА,
"Самұрық"
АҚ
(келісім
бойынша)

5. Тиімді бизнес

Бағдарламалық және өзге де құжаттарды өзекті ету жөніндегі шаралар

29.

Индустрия және сауда
министрлігінің стратегиялық
жоспар 2008 жылғы стратегиялық жоспарына:
жобасы қазақстандық
бизнестің менеджменті мен
бизнес-процестерінің сапалы
жақсаруын сипаттайтын;
экспортты қолдау жөнінде
жүргізілетін жұмыстың
тиімділігін көрсететін
шаралар мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу туралы
мәселені пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ИСМ

30.

Инновациялық және ресурс
үнемдейтін технологияларды
енгізу есебінен шығындардың
өсуін қысқарту мәселесін
пысықтауға кірісу

ЭБЖМ-ге
есеп

жыл
сайын,
қараша

ЭМРМ, АШМ,
ИСМ, АБА

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асыратын шаралар

31.

Шетелде орналасқан экспорттық хабтарды,
сондай-ақ олардың жұмыс
істеу тетіктерін құру
орындылығы туралы ұсыныстар
әзірлеу және Бәсекеге
қабілеттілік және экспорт
жөніндегі ұлттық кеңестің
қарауына енгізу

Отырыс
хаттамасы

2008
жылғы
қазан

ИСМ, АШМ,
ККМ, ЭМРМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша),
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша),
"ҚазАгро"
АҚ
(келісім
бойынша)

32.

Көлік қызметтерінің
халықаралық нарығында
қазақстандық операторларға
қолайлы жағдай жасау және
олардың ұстанымдарын нығайту
және олардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру
жөнінде ұсыныстарды әзірлеу
және Бәсекеге қабілеттілік
және экспорт жөніндегі
ұлттық кеңестің отырысына
шығару

Отырыс
хаттамасы

2008
жылғы
IV тоқсан

ККМ,
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша),
"Самұрық"
АҚ

33.

Шағын және орта бизнеске
қағаздан электронды басқару
және бизнесті жүргізу
әдістеріне көшуге көмек пен
жәрдем көрсететін ұлттық
оқыту жобасын жасаудың
мүмкіндіктері мен орындылығы
туралы мәселені пысықтау
және Бәсекеге қабілеттілік
және экспорт жөніндегі
ұлттық кеңестің отырысына
нақты ұсыныстар енгізу

Отырыс
хаттамасы

2009 жылғы
маусым

БҒМ, АБА,
ИСМ,
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша),
"Самғау"
(келісім
бойынша)
 

34.

Кәсіпкерлердің жетекші
қоғамдық бірлестіктерімен
бірлесе отырып:
қазіргі заманғы
менеджменттің, тиімді және
айқын басқарудың қағидаларын енгізуді;
қаржылық есептіліктің
халықаралық стандарттарына
көшуді қамтитын қазақстандық
бизнестің өзіндік менеджмент
пен бизнес-процестерге ең
үздік әлемдік тәжірибелерді
енгізуі бойынша ағымдағы
ахуалды пысықтау және
Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің қарауына шығару

Отырыстар-
дың
хаттамала-
ры

2008-2010
жылдар,
қазан

ИСМ,
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша)

35.

Экспортты мемлекеттік
реттеудің, оның ішінде
Экспортты дамыту және алға
жылжыту жөніндегі
корпорацияның қызметін
реттеуді қамтитын шаралар
мен құралдар туралы
мәселелерді пысықтау және
Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің отырысына енгізу

Отырыс
хаттамасы

2009
жылғы
I тоқсан

ИСМ, "Қазына" ОДҚ"
АҚ
(келісім
бойынша),
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша)

Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің мониторингі, оны талдау және басты бағалау

36.

Бәсекеге қабілеттіліктің
қол жеткізілген деңгейінің
бағалау жүргізу үшін
"Тиімді бизнес" басымдығын
іске асыру мониторингін
жүргізуді және проблемалы
мәселелерді жою жөніндегі
ұсыныстармен жиынтық ақпарат
ұсынуды қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге
ақпарат

тоқсан
сайын

ИСМ, ЭМРМ,
АШМ, АБА, ККМ,
"Қазына"
АҚ
(келісім
бойынша),
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша)

6. Орнықты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі

Бағдарламалық және өзге де құжаттарды өзекті ету жөніндегі шаралар

37.

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің стратегиялық
жоспарына:
экономиканы экологиялық таза, қалдықсыз, серпінді
технологияларды,
жаңартылатын ресурстар мен
энергия көздерін неғұрлым
белсенді пайдалануға
бағдарлауды;
халықтың денсаулығын және
демографиялық ахуалды
жақсарту, оның ішінде
күтілетін өмір ұзақтығын;
қоршаған орта сапасының
жоғары стандарттарына қол
жеткізуді, табиғи
ресурстарды сақтауды;
макродеңгейде дамудың
экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық аспектіле-
рінің теңгерімділігін
басқаруды сипаттайтын
шаралар мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу туралы
мәселені пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

Қоршаған-
ортамині

38.

Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
стратегиялық жоспарына:
кедейлік деңгейін өлшеу
жүйесін жаңғырту; 
ана мен баланы әлеуметтік
қорғау жүйесін нығайту;
атаулы әлеуметтік көмек
көрсету тәсілдерін
жетілдіру;
өндірісте еңбекке салауатты
және қауіпсіз жағдайлар
жасау, тұрмыстық және
жолда зақымдануды болдырмау
жөніндегі шаралар мен
индикаторларды (көрсеткіш-
терді) қосу туралы мәселені
пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

Еңбекмині

39.

Халықтың рухани, мәдени
және ақпараттық қажеттілік-
терін қанағаттандыру мен
дамыту үшін жағдайлар мен
қызмет көрсетудің жоғарғы
сапасына қол жеткізуді,
сондай-ақ азаматтардың
құқықтарының, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің
тиімді қорғалуын қамтамасыз
етуді ескере отырып, Өмір
сапасының ұлттық
стандарттарын қалыптастыруды
қамтамасыз ету

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне ұсыныс

2008
жылғы
желтоқсан

ЭБЖМ, Еңбекмині,
БҒМ, ДСМ, МАМ, Әділет-
мині, ИСМ,
АБА

40.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлі-
гінің стратегиялық
жоспарына:
денсаулық сақтау жүйесін
басқаруды жетілдіру және
ақпараттық технологияларды
енгізу;
алғашқы медициналық-
санитарлық көмекті
реформалау және аурухана
секторын қайта құрылымдау;
медициналық кадрларды,
денсаулық сақтау менеджерле-
рін даярлау мен қайта
даярлау жүйесін дамыту;
медициналық ғылым мен
фармацевтика саласын дамыту
арқылы медициналық қызмет-
тердің сапасы мен қол
жетімділігін арттыруды
қамтамасыз ететін шаралар
мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ДСМ

41.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарына:
халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар мен
индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

АШМ

42.

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
стратегиялық жоспарына:
педагогикалық кадрлардың
сапасын;
оқытудың жаңа тиімді
технологияларын енгізуді;
техникалық және кәсіби
білім берудің қол жетімділігін;
экономиканың талаптарын
"басып озу" және болашақ
талаптарына сәйкес келу
екпінімен еңбек ресурстарын
даярлау, біліктілігін
арттыру, қайта біліктілік
беру және үздіксіз оқыту
жүйесін жетілдіруді;
қазақстандық кадрларға
қайта біліктілік беруді
ынталандыру мен оған қол
жеткізуді жеңілдетудің
және өмір бойы оқытудың
неғұрлым жетілген, жаңа
тетіктерін енгізу сияқты
бәсекелестікке қабілетті
білім беру жүйесінің
қалыптасуын сипаттайтын
шаралар мен индикаторларды
(көрсеткіштерді) қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

БҒМ

43.

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлі-
гінің стратегиялық жоспарына
Қазақстанның әлемдегі отыз
алдыңғы қатарлы спорттық
державалардың қатарына
кіруін қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды қосу
туралы мәселені пысықтау

Стратегия-
лық жоспар
жобасы

2008
жылғы
желтоқсан

ТСМ

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асыратын шаралар

44.

Экологиялық шығыны барынша
аз технологияларды енгізуде
басымды мемлекеттік қолдау
саясатын әзірлеу мен іске
асыру мәселесін Бәсекеге
қабілеттілік және экспорт
жөніндегі ұлттық кеңестің
отырысына шығару

Отырыс
хаттамасы

2009
жылғы
сәуір

Қоршаған-
ортамині

45.

Мамандықтар құрылымын құрайтын кәсіби артықшылық-
тарға талдау жүргізу және
Бәсекеге қабілеттілік және
экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің қарауына:
елдің еңбек ресурстарының
кәсіби құрылымын одан әрі
дамыту;
еліміздегі ең талап етілген
кәсіптердің рейтингі жүйесін
енгізу;
бизнес-қоғамдастықпен
байланыстарды ұйымдастыруға
белсенді қатысуға тікелей
ынталандыратын білім беру
секторының тетігін енгізу
жөнінде ұсыныстар енгізу

Отырыс
хаттамасы

2009
жылғы
желтоқсан

БҒМ, Еңбекмині,
АШМ, ККМ,
ДСМ, ЭМРМ,
АБА, ИСМ,
"Атамекен"
Одағы"
ҚҰЭП
(келісім
бойынша)

Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің мониторингі, оны талдау және басты бағалау

46.

Бәсекеге қабілеттіліктің
қол жеткізілген деңгейіне
бағалау жүргізу үшін
"Орнықты даму, халық
тұрмысының жоғары сапасы,
қазіргі заманғы білім беру
жүйесі" басымдығын іске
асыру мониторингін жүргізуді
және проблемалы мәселелерді
жою жөніндегі ұсыныстармен
жиынтық ақпарат ұсынуды
қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге
ақпарат

тоқсан
сайын

Қоршаған-
ортамині,
Еңбекмині,
ДСМ, БҒМ,
ТСМ, АШМ

47.

Салауатты өмір салтын және
бұқаралық спортты
насихаттау, рационалды
тамақтану, тазалық сақтау
ережелері және темекі
шегуге, нашақорлыққа,
туберкулезге, АҚТҚ/ЖҚТБ-ға,
травматизмге қарсы күрес
мәселелері жөнінде халық
арасында түсіндіру жұмысын
жүргізу үшін үкіметтік емес
ұйымдарды тартуды қамтамасыз
ету

ЭБЖМ-ге
есеп

тоқсан
сайын

ДСМ, БҒМ,
ТСМ, IIМ,
МАМ

7. Жалпы жүйелік шаралар

48.

Тұрақты негізде проблемалы
мәселелерді жою жөніндегі
ұсыныстарды әзірлей отырып,
бәсекеге қабілеттілік
мәселелері бойынша бұқаралық
ақпарат құралдарындағы
жарияланымдарға мониторинг
және талдау жасауды жүзеге
асыру

Әрбір мемлекет-
тік
органнан
ЭБЖМ-ге
материал-
дар

тоқсан
сайын

ЭБЖМ, ИСМ, БҒМ, МАМ,
Еңбекмині,
АШМ, ККМ,  ТСМ, ДСМ,
ЭМРМ,
Қаржымині,
Қоршаған-
ортамині,
IIМ, СIМ,
Әділетми-
ні, ТМРА, БҚА, АБА,
МҚА
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ЭСЖКА
(келісім
бойынша)

      Ескертпелер:
      1) жауапты орындаушылар бағанында бірінші болып көрсетілген мемлекеттік және өзге де мүдделі органдардың басшылары тұтастай алғанда Жоспардың тиісті тармағы бойынша жауап береді;
      2) қоса орындаушы мемлекеттік және өзге де мүдделі органдардың басшылары Іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей негізгі орындаушыларға ақпарат ұсынады;
      аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині      - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИСМ             - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                  министрлігі
МАМ             - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                  министрлігі
ЭБЖМ            - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                  жоспарлау министрлігі
БҒМ             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                  министрлігі
Қаржымині       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Еңбекмині       - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                  әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ             - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                  министрлігі
TCM             - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                  министрлігі
ЭМРМ            - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
                  ресурстар министрлігі
СІМ             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ДСМ             - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                  министрлігі
ІІМ             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қоршаған-
ортамині        - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                  министрлігі
АШМ             - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                  министрлігі
ТЖМ             - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                  министрлігі
ЖРА             - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
                  агенттігі
БҚА             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                  агенттігі (монополияға қарсы агенттік)
СА              - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ТМРА            - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                  реттеу агенттігі
АБА             - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                  байланыс агенттігі
МҚА             - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                  агенттігі
ЭСЖКА           - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
                  полициясы)
ҰБ              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЖС              - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
"Қазына"
ОДҚ" АҚ         - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Самұрық" АҚ    - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
                  жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік
                  қоғамы
"Самғау" АҚ     - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі"
                  акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" АҚ    - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Оңтүстік" АЭА  - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы
"Атамекен"
Одағы"          - "Атамекен" одағы" Қазақстанның ұлттық
                  экономикалық палатасы
ҚҰЭП
ҚАТКА           - Қазақстандық ІТ-кәсіпорындар қауымдастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады