"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 563 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-бап мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "6 шілде - Астана күні;".
      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады