Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 581б Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 134-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 3-жолдағы "Ертіс жағалауы орманын өрттен қорғау және құрғап қалған Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу үшін орман көшеттіктері ғимараттары мен тұрғын жайлар, өрт бекеттері, бақылау өрт мұнаралары, суландыру арналары мен орман көшеттіктерін қоршау құрылыстарын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу." деген сөздер "Ертіс жағалауы орманын өрттен қорғау үшін орман көшеттіктері ғимараттарының және үй-жайларының, суландыру арналары мен орман көшеттіктерін қоршаудың, өрт сөндіру станциясының, өрт қадағалау мұнараларының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оларды салу." деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады