Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 желтоқсандағы N 581е Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 69-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны:
      "Астана қаласында 3500 орындық әмбебап киноконцерт залының құрылысы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе тиісті сапада жеткізілмеген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйымның беруі шартымен материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады