Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін салу жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңесінде Қазақстан Республикасының ұлттық бөлігін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы N 582 Қаулысы

      2007 жылғы 1 желтоқсанда Берекет қаласында (Түрікменстан) қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Түрікменстан Үкіметі және Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін салу туралы келісімнің 2-бабына сәйкес (бұдан әрі - Келісім) және Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін салу жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін салу жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңесінде Қазақстан Республикасының ұлттық бөлігі мынадай құрамда бекітілсін:

Қасымбек              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы         коммуникация вице-министрі, төраға

Нәрігеев              - Қазақстан Республикасы Көлік және
Бекболат Қойжанұлы      коммуникация министрлігінің Көлік және
                        қатынас жолдары комитеті төрағасының
                        орынбасары, орынбасар

Жансүгіров            - Қазақстан Республикасы Көлік және
Болат Амангелдіұлы      коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация
                        кешенін дамыту департаментінің директоры

Қоңқақов              - Қазақстан Республикасы коммуникация
Төлен Қамарұлы          министрлігі Көлік-коммуникация кешенін
                        дамыту департаментінің басқарма бастығы

Амантаев              - Қазақстан Республикасы Көлік және
Әнуар Тілектесұлы       коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация
                        кешенін дамыту департаментінің сарапшысы

Айдашев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Айтжан                  министрлігі Орталық Азия департаментінің
                        кеңесшісі

Нұрғалиев             - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мирхат Әзітайұлы        сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын
                        үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетінің
                        басқарма бастығы

Иванов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Андрей Аркадьевич       комитеті Шекара қызметі Шекаралық бақылау
                        бас басқармасының бөлім бастығы (келісім
                        бойынша)

Талько                - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сергей Романович        жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік
                        қоғамының бас сарапшысы (келісім бойынша)

Ахметбеков            - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"
Ырысбек Қасымбекұлы     акционерлік қоғамының "Магистральдық желі
                        дирекциясы" филиалының директоры -
                        басқарушы директор (келісім бойынша)

Харочкина             - "Интранском" акционерлік қоғамы институтының
Наталья Петровна        бас инженері (келісім бойынша)

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Келісімнің тараптарын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады