Жезқазған қаласының халықаралық ұшуларды орындауға арналған әуеайлағын ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 613 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының  55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жезқазған қаласының халықаралық ұшуларды орындауға арналған әуеайлағы ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады