Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 616 Қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасында қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 2380000 (екі миллион үш жүз сексен мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.

      2. Осы қаражат:
      1650000 (бір миллион алты жүз елу мың) АҚШ доллары Ауғанстан Ислам Республикасындағы Құндуз - Талукан асфальтталған жолын жөндеуге;
      160000 (бір жүз алпыс мың) АҚШ доллары Ауғанстан Ислам Республикасының Саманган провинциясында мектеп салуға (16 кабинеті бар бір мектепке бағдарланған бюджет - 160000 АҚШ доллары);
      570000 (бес жүз жетпіс мың) АҚШ доллары Ауғанстан Ислам Республикасының Бамиан провинциясында аурухананы салуға бөлінеді деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты "Account name - Kazakhstan Assistance for Afghanistan",»"Ваnk Name - Da Afghanistan Ваnk, Ваnk Add - Kabul Afghanistan, A/C N 27243-780102", "Swift code - AFGBAFKA" арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады