"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 649 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                                            Жоба

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қаржы жүйесінің тұрақтылық мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат, 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 216-1-баппен толықтырылсын:
      "216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген ірі қатысушы-жеке тұлғаның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі) -
      үштен алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екіден төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салып немесе мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      2) 220-баптың екінші бөлігіндегі "бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар):
      1) 8-бапта:
      1-тармақта:
      "сатып алуға" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарды құруға және қызметіне қатысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "осы баптың 2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "листингтің ең жоғары санаты бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 11-1-бапта:
      5-тармақтың 7) тармақшасы "өтініш берілген күнгі" деген сөздерден кейін "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, банк еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш айлық мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті.
      Банк еншілес ұйымның акцияларын (қатысу үлесін) оған қатысты емес себептер бойынша меншікке сатып алған жағдайда, банк осы фактіні анықтаған сәттен бастап бір айлық мерзімде уәкілетті органнан еншілес ұйымды сатып алуға рұқсат алу үшін осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды беруге міндетті.";
      9-тармақта:
      екінші бөліктегі "белгіленеді" деген сөз "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алмаған жағдайда, банк ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімі ішінде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті. Егер банк қомақты қатысуды банкке қатысты емес себептер бойынша иеленген жағдайда, ол осы фактіні анықтаған сәттен бастап бір айлық мерзімде уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды беруге міндетті.";
      3) 17-бапта:
      2-тармақтың екінші сөйлеміндегі "Қазақстан Даму Банкінің ғана" деген сөздер "Қазақстан Даму Банкінің және осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмеген жағдайда:
      1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және өтімділік коэффициентін немесе басқа пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан астам рет бұзғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісіп, осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жағдайын жақсартуға және банк пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы компания сатып алатыны жөнінде шешім қабылдауға құқылы;
      2) банкте капиталдың теріс мөлшері бар болғанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктің қаржылық жай-күйін қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейіннен міндетті түрде дереу сату шартымен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.";
      4) 17-1-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "ірі қатысушысының" деген сөздер "ірі қатысушы болып табылатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-7" деген цифрлар "4-7-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша "банктің акцияларын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде бұрын сатып алынғандардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) кірістері мен мүлігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, салық органдарына ұсынылатын жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде тізбесі белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төменгі рейтингі болуын растайтын құжатты;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататыны жөніндегі жазбаша растауын;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы банк холдингі мәртебесін иеленуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні жөніндегі өтінішін табыс етеді.";
      9-тармақта:
      он екінші абзацтағы "негіз болып табылады" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану жөніндегі шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану жөніндегі шешім қабылдағаннан кейінгі бес жыл ішінде қолданылады.";
      12-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      15-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл жағдайда осындай шара оған қатысты қолданылатын тұлға банк акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
      18-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктің орналастырылған (артықшылықтарды және банк сатып алғандарды шегеріп) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына банк акциялары санының проценттік арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем санына дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда, банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұдан бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану жөніндегі шешімді осы фактіні анықтаған күннен бастап бір ай ішінде қабылдайды.";
      5) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:
      "17-2-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің
                 жарияланған акцияларын сатып алу ерекшеліктері
      1. Осы Заңның 17-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы компания сатып алатынды қоса алғанда, орналастырылған акциялардың жалпы санынан он процентінен кем емес мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы компания сатып алатыны жөнінде шешім қабылдауға құқылы.
      Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікті иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу жөніндегі шешімі мыналарды қамтуы тиіс:
      банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары жоқ болған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама өсетін акциялардың санын;
      мәжбүрлеп орналастырылатын (сатылатын) акциялардың орналастыру (сату) бағасы мен санын.
      3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (сатылатын) акциялардың орналастыру (сату) бағасы мен саны уәкілетті органның ұлттық басқарушы компаниямен не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншікті иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органмен келісуі бойынша жасалған қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акцияларды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншікті иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы компанияның бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.
      Бағалаушы акциялардың орналастыру бағасын айқындаған жағдайда, бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оны өсіру жөніндегі шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптар негізінде акциялардың шығарылым проспектісіне өзгерістер енгізеді;
      2) проспектке өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырады;
      3) банкке акциялардың мемлекеттік тіркелуі жөніндегі куәлікті жібереді және тіркеуші мен орталық депозитарийге жарияланған акциялардың саны өскені жөнінде хабарлайды.
      Банк акциялардың мемлекеттік тіркелуі жөніндегі куәлікті алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бұдан бұрын берілген акциялардың мемлекеттік тіркелуі жөніндегі куәліктің түпнұсқасын қайтаруға міндетті.
      5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікті иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы компания мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы компания мүддесінің өкілдері болып табылатын атқарушы органның және (немесе) банктің басқару органының мүшелерін тағайындайды.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншікті иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы компания банктің лауазымды тұлғаларын немесе қызметкерлерін ауысым жасау, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталын өсіру жөніндегі мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен басқа мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға құқылы.
      6. Пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді орындауға әкелген банктің қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі осы бапқа сәйкес сатып алынған банктің акцияларын тікелей адресті сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен сату бойынша іс-шараларды қолданады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі осы бапқа сәйкес сатып алынған банктің акцияларын оларды сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде осы мерзімді ұзарту құқығымен сатады.
      7. Банктің жарияланған акцияларының санын көбейту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы компания сатып алуы, сондай-ақ Заңның осы бабы негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешімді қабылдаусыз жүзеге асырылады.
      Осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (сатылатын) банктің жарияланған акциялары бойынша акционерлердің басымдықпен сатып алу құқықтары жоқ.";
      6) 19-баптың 3-тармағында:
      а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) нотариатта куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттардың (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы және құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;";
      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-2) акцияларды сатып алуға қолданылатын көздер мен қаражаттардың сипатын қоса алғанда, растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, банк акцияларын сатып алу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер;";
      д), ж), з) тармақшалар алынып тасталсын;
      и) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "и) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылдағы пайда мен залалдардың есебі, маркетинг жоспары (банк клиентурасын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;";
      екінші бөлік алынып тасталсын;
      7) 20-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарда осы бапта белгіленген жұмыс стажы, және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласында жұмыс стажы жоқ;";
      4) тармақша "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушы - жеке тұлға, ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғаның бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауы тиіс.";
      4-тармақта:
      1), 3) тармақшалардағы "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "банк басқармасының" деген сөздердің алдынан "директорлар кеңесінің бірінші басшысының," деген сөздермен толықтырылсын;
      "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ банктің тек ғана қауіпсіздік, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне басшылық жасайтын басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақтың екінші бөлігінде:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "не еңбек шарты жоқ болған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      3) тармақшадағы "негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы.";
      екінші бөлікте:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "не еңбек шарты жоқ болған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіліктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "не еңбек шарты жоқ болған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      "бапта" деген сөзден кейін "банк басқармасының бірінші басшысы үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша бірінші басшыны осы бап талаптарына сәйкес келмеген жағдайда шеттетеді.";
      8) 24-баптың 1-тармағында:
      а) тармақша "банкінің" деген сөздің алдынан "құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы не" деген сөздермен толықтырылсын;
      г-1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:";
      мынадай мазмұндағы д-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "д-1) банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісім беруден бас тартуы;";
      е) тармақша алынып тасталсын;
      9) 25-баптың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      10) 26-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде мыналарды ұсынуы тиіс:
      1) өтінішті;
      2) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалғандығы туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есеп беру және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындығы туралы, сондай-ақ Ұлттық Банк талаптарына жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екендігі жайлы куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ тиісті біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға;
      3) нотариатта куәландырылған жарғының көшірмесін және заңды тұлға есебінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесін;
      4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;
      5) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
      6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын;
      7) банктің директорлар кеңесімен бекітілген ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      8) банктің директорлар кеңесімен бекітілген кредит комитеті туралы ережені;
      9) штаттық кестені (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
      10) уәкілетті органның және кредиттік бюро туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына банктің программалық техникалық құралдарының сәйкестігін растайтын құжаттарды.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банк осы баптың 2-тармағының 2), 10) тармақшаларымен көзделген лицензияны алу үшін банкке қойылатын талаптарды банктік қызметті жүзеге асыру барысында сақтайды.";
      11) 27-бап мынадай мазмұндағы в), г), д) тармақшалармен толықтырылсын:
      "в) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуі;
      г) құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы;
      д) қоғамның таңдаулы органдары санынан басшы қызметкердің келісілмеуі (қайта құрылатын банк үшін).";
      12) 30-бапта:
      5-тармақта:
      екінші бөліктегі "5), 9) және 12) тармақшаларында" деген сөздер "5) және 12) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия берген кезде Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің барлығы жайлы Ұлттық Банктің қорытындысы талап етіледі. Қорытындыны беру тәртібі Ұлттық Банкпен айқындалады.";
      13) 31-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Банкке клиенттердің құжаттарын беру, банк талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттерді тарту жөніндегі шарт (келісім) негізінде банкке қызмет көрсететін тұлғаның заңсыз іс-әрекеті (іс-әрекетсіздігі) үшін банк жауапкершілікті алады.";
      14) 41-бапта:
      бесінші абзацтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "ерте ықпал ету шараларын қолдану;";
      15) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "45-бап. Ерте ықпал ету шаралары
      1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды:
      1) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценттерінің төмендеуін;
      2) өтімділік коэффиценттерінің төмендеуін;
      3) банктің міндеттемелері сомасындағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
      4) банк заемдарының несие портфелінің жалпы көлеміндегі өсуін, ол бойынша негізгі борыш және проценттік сыйақы бойынша мерзімін кешіктіру 90 күнтізбелік күннен астамды құрайды;
      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін өзге факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Банктің қаржылық жай-күйін талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша санамаланған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ерте ықпал ету шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша нысанда талаптарды жібереді.
      Банк және (немесе) оның акционерлері уәкілетті орган талаптарын алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері туралы мәліметтерді және оларды орындауға жауапты тұлғаларды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын тапсыруы міндетті. Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде, іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың орындалғандығы туралы есеп береді.
      Егер, іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері бойынша, онда көрсетілген шараларды уәкілетті орган тиімді емес деп есептеген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне мыналар бойынша талаптарды қою арқылы мынадай ерте ықпал ету шараларының бір немесе одан астамын қолданады:
      1) банктің ұйымдастыру құрылымын және (немесе) штаттық санын өзгерту;
      2) депозиттерді қабылдауды шектеу;
      3) уәкілетті органмен белгіленген мерзімде дивидендерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтату;
      4) банк провизияларын ұлғайту;
      5) банктің басшы немесе өзге қызметкерлерінің кез келгенін лауазымынан тұрақты немесе уақытша шеттету;
      6) жоғары деңгейлі тәуекелі бар банктік операциялардың кейбір түрлерін тоқтата тұру немесе шектеу;
      7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде банктің меншікті капиталын ұлғайту, оның ішінде оның жарғылық капиталын өсіру арқылы;
      8) банк активтерінің құрылымын өзгерту;
      9) әкімшілік шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, оның шегінен тыс аумақтарда тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін кеміту.
      3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсынбаған немесе іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындамаған, сондай-ақ уәкілетті орган талаптарында көрсетілген ерте ықпал ету шараларын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
      4. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін және ерте ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";
      16) 46-баптың 1-тармағының бірінші абзацы "реттерде" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңмен көзделген уәкілетті органның өзге талаптарын орындамаған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 47-1-бапта:
      баптың атауындағы "Банктің" деген сөз "Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзац "орган" деген сөзден кейін "ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзац:
      "банктің" деген сөздің алдынан "ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілеріне ие тұлғаға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "келтіретін" деген сөзден кейін "немесе келуі мүмкін" деген сөзбен толықтырылсын;
      алтыншы абзац:
      "банктің" деген сөздің алдынан "ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "келтіретін" деген сөзден кейін "немесе келуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      банк холдингі белгілеріне ие тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелдікке душар еткізетін олардың және банктің арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруға;";
      бесінші абзац "банктен немесе" деген сөздерден кейін "банк холдингі белгілеріне ие тұлғадан, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банктің ірі қатысушы, банк холдингі не ірі қатысушының, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға осы баптың 2-тармағымен, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағымен көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган шешімі негізінде банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғаның акцияларымен сенімгерлік басқару құрылады. Осы акциялар уәкілетті органның сенімгерлік басқаруына үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқысы жоқ.
      Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілеріне ие тұлға уәкілетті органның алдында өзіне тиесілі барлық банк акцияларын сату туралы өтініште көрсетілген тұлғаларға қолдау жасауға құқылы.
      Өтініште көрсетілген акцияларды иеленушілердің Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын орындаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
      Акцияларды уәкілетті органның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап, екі ай ішінде сенімгерлік басқаруға акцияларды беру үшін негіздемелерді жоймаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізу арқылы иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органның сенімгерлік басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.
      Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілеріне ие тұлғаның акцияларын сату бойынша іс-шаралар банк қаражатының есебінен жүзеге асырылады.";
      18) 48-баптың 1-тармағының м-1) тармақшасы "тұлғалардың" деген сөзден кейін ", осы Заңның 47-1-бабының, 2-тармағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 50-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Таратылу процесіндегі банктің кредиттер мен депозиттер туралы мәліметтері банк құпиясына жатпайды.";
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктік құпияны мыналар жария еткен болып табылмайды:
      1) банктердің заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына міндетті түрде хабарлауы;
      2) бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздар ұстаушыларының өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді ұсынуы, ол бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету сапасында, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында беріледі;
      3) банктің, барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген уақытша әкімшіліктің жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы және ол бойынша есептелген сыйақы туралы мәліметтерді салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент-банктерге беруі; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға;
      4) басқа банктің мүлкін және міндеттемелерін қабылдайтын банктерге осы Заңның 73-1-бабымен көзделген операцияны жүргізуге қажетті мәліметтерді ұсыну.";
      20) 54-баптың 3-тармағы ", уәкілетті орган мен Ұлттық Банк арасындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген құзырет шегінде алынған ақпарат алмасу жағдайларын қоспағанда." деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 54-1-бапта:
      1-тармақта "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацында және 3-тармақтың 2) тармақшасында "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      екінші бөліктегі "бес жұмыс күнінен" деген сөздер "қырық бес күнтізбелік күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік "банк холдингі" деген сөздерден кейін "өзгерістерді көрсеткен сәттен бастап, отыз күн ішінде уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы болып табылса, онда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсынады, бұл ретте қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба, егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, онда ұсынылмайды.
      6. Өзінің орналасқан еліндегі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес - банк холдингі қаржылық жылдың аяқталуы бойынша жүз жиырма күн ішінде, уәкілетті органға аудиторлық ұйыммен расталмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны ұсынуы тиіс.
      Өзі орналасқан елдегі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес - банк холдингінің жылдық қаржылық есебіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
      1) банк холдингі қызметінің түрлерін сипаттау;
      2) банк холдингі қатысушы (акционері) болып табылатын әр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы (тиесілі акциялардың саны) қатысу үлесінің мөлшері, қызметтің түрін немесе түрлерін сипаттау;
      3) банк холдингінің ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы (оған тиесілі акциялардың саны) қатысу үлесінің мөлшері, осы ұйым қызметінің түрін немесе түрлерін сипаттау.
      7. Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көрсетілген өзге мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.";
      22) 57-бап мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-2. Өзінің орналасқан еліндегі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес - банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымын осы құжаттарды өзінің орналасқан еліндегі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес - банк холдингі алған күннен бастап отыз күн ішінде ұсынады.
      Өзі орналасқан елдегі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес - банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес - банк холдингі орналасқан еліндегі қаржылық ұйымдарға аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйыммен расталуы тиіс.
      1-3. Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымын мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.";
      23) 65-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы з) тармақшасымен толықтырылсын:
      "з) депозиттерге міндеттік кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік беретін депозиттер бойынша банктің мүлкі мен міндеттемелерін осы Заңның 73-1 бабына сәйкес басқа банкке (банктерге) береді.";
      24) 69-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешімді қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тура төлеу арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдеме беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
      Жеке тұлғалар депозиттерін қайтару тәртібі, сондай-ақ оларды басқа банкке аудару уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін оны ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішпен уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
      Өтінішке акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражаттарының жеткіліктілігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттар, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелер тізімі және басқа мәліметтер қоса берілуі тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
      25) 73-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "73-1-бап. Банктің мүлкін және міндеттемелерін басқа банкке
                 (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операция
      1. Банк кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беретін ұйым кепілдік беретін депозиттер бойынша, бөлігімен не толық мөлшерде банк міндеттемелерін және оның дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын қоса алғанда, банк мүлкін бір мезгілде беру бойынша операцияны жүргізуге уәкілетті органның келісімі бойынша жол беріледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уақытша әкімшілік (уақытша басқарушысы), тарату комиссиясы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін уәкілетті органмен келісімі бойынша тарату кезеңінде жүргізуі мүмкін.
      Мәжбүрлеп таратылатын банктің аралық тарату балансын бекіткеннен кейін осы Заңның 74-2-бабымен белгіленген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кезектілігін сақтау арқылы, кез келген оның міндеттемелері мен мүлкін бір мезгілде беру бойынша операцияны жүргізуге жол беріледі.
      3. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банктің уақытша басқарушысы) уәкілетті органмен келісім бойынша консервациялау кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізуге құқылы.
      4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетілген операцияларды жүргізудің тәртібі және ерекшелігі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      5. Қатысушы банктің кепілдік берген депозиттері бойынша міндеттемелерін басқа қатысушы банкке (банктерге) беру депозиторлар келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы), тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша алда тұрған міндеттемелерді беру туралы хабарландыруды республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауды жүзеге асырады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылық болмауы депозитордың депозитті беруге келісімі ретінде қаралады.";
      26) 77-баптың атауы "Ұлттық" деген сөздің алдынан "Уәкілетті органның және" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437- құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж, N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж, N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат):
      1) 31-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.";
      2) 36-1-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "ірі қатысушысының" деген сөздер "ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-7" деген цифрлар "4-7-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-тармақ:
      1) тармақша "акцияларын" деген сөзден кейін ", оның ішінде бұрын сатып алғандарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда салық органдарына ұсынылатын жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесі және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғаларымен расталған өзге де құжаттар;";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жиырма бес және одан астам дауыс беретін акцияларын сатып алуға ниеттенетін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуын растайтын құжатты;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауын;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаты (келісуі) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісу) талап етілмейтіні туралы мәлімдемені.";
      10-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акциялары санына проценттік ара қатынасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем санына дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша, не көрсетілген фактіні дербес анықтаған жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіпте бұдан бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану жөніндегі шешімді осы фактіні анықтаған күннен бастап бір ай ішінде қабылдайды.";
      3) 36-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) тұлға бұрын жеке тұлға - ірі қатысушы не заңды тұлға - ірі қатысушының бірінші басшысы және (немесе) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ, қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану жөніндегі шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезең ішінде қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану жөніндегі шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады.";
      4) 40-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарда осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету, және (немесе) оны реттеу, және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөнінде қызмет көрсету саласында жұмыс стажы жоқ;";
      4) тармақша "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауға тиіс.";
      4-тармақта:
      1) тармақшадағы "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "қоры басқармасының" деген сөздер "қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана басшылық жасайтын басқарма мүшелерінің лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақтың екінші бөлігі "шартын бұзуға" деген сөздерден кейін ", не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату шараларын қолға алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші бөлігінде:
      3) тармақшадағы "негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер алынып тасталсын, "шеттету" деген сөзден кейін ";" деген тыныс белгісімен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";
      екінші бөлік "шартын бұзуға" деген сөздерден кейін ", не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату шараларын қолға алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ "шартын бұзуға" деген сөздерден кейін ", не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату шараларын қолға алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 41-бапта:
      3-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацындағы "листингтің ең жоғарғы санаты бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін сақтау бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қолға алуға міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық күйі нашарлаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленген ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталын ұлғайтуға міндетті.";
      6) 41-1-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасындағы "қарай" деген сөз "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне өткізуге және оны растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымының акциялары (қатысу үлестері) жинақтаушы зейнетақы қорымен, оған байланысты емес себептермен меншікке алынған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры осы фактіні анықтаған сәттен бастап бір ай ішінде уәкілетті органның еншілес ұйымын сатып алуға рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармақта көзделген құжаттарды ұсынуға тиіс.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-бөлігімен көзделген негіздемелер бойынша іске асырылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алмаған жағдайда үш айлық мерзімде ұйымның оған тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне өткізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Егер жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты қатысуды жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты емес себептермен иеленсе, онда ол осы фактіні анықтаған сәттен бастап бір айлық мерзімде уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы тармақпен көзделген құжаттарды беруге міндетті.";
      7) мынадай мазмұндағы 41-2-баппен толықтырылсын:
      "41-2-бап. Ерте ықпал ету шаралары
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау мақсатында уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды анықтау үшін жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметіне талдау жүргізуді жүзеге асырады:
      1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің төмендеуі;
      2) номиналды кіріс коэффициентінің төмендеуі;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін өзге факторлар.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау қорытындысы бойынша және (немесе) оларды тексеру нәтижесінде аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайту, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ерте ықпал ету шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша талап жібереді.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері уәкілетті органның талабын алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органға жоспарда көрсетілген ерте ықпал ету шараларын орындау мерзімі және оларды орындауға жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде көрсетілген іс-шараларды орындағаны туралы есебін ұсынады.
      Егер іс-шаралар жоспарын қарау нәтижесінде онда көрсетілген шаралар уәкілетті органмен тиімсіз деп танылса, уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне мыналар бойынша талап қою арқылы келесі ерте ықпал ету шаралардың біреуін немесе одан көбін қолданады:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгерту;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның кез келген басшы және (немесе) өзге қызметкерлерін лауазымынан тұрақты немесе уақытша шеттету;
      3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту;
      4) уәкілетті органмен белгіленген мерзімге дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтату;
      5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымға зейнетақы активтерін басқаруға тапсыру;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерге дейін ұлғайту, оның ішінде олардың жарғылық капиталын ұлғайту арқылы;
      7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел деңгейін төмендету мақсатында инвестициялық портфельге қайта құрылымдауды жүргізу;
      8) әкімшілік шығыстарды азайту, оның ішінде қосымша қызметкерлер жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы.
      3. Осы баптың 2-тармағымен белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсынбаған немесе белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды орындамаған, сондай-ақ уәкілетті органның талабында көрсетілген ерте ықпал ету шараларды орындамаған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңмен белгіленген ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
      4. Ерте ықпал ету шараларын қолдану тәртібін және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";
      42-баптың 1-тармағының бірінші абзацы "жағдайларда" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңмен көзделген уәкілетті органның өзге талаптарын орындамаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
      42-7-бапта:
      баптың атауы "қорының" деген сөзден кейін "ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларына, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзацы "қорының" деген сөзден кейін "ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларына, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      "әрекеттерді" деген сөзден кейін "ірі қатысушысының белгілері бар тұлғалары, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "залал келтірілген" деген сөздерден кейін "немесе залал келтірілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада:
      "қоры" деген сөзден кейін "ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларының, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "залал келтірілген" деген сөздерден кейін "немесе залал келтірілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша "ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына осы Заңның 41-бабының 4-тармағының талаптарын орындамауға әкелетін олардың іс-әрекеті мен әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысынан оған тікелей немесе жанама тиесілі ашық жинақтаушы қорының акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беру ұйымдастырылады. Осы акциялар уәкілетті органға үш ай мерзімге дейін сенімгерлікпен басқаруға беріледі.
      Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырған кезде акциялар иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілері бар тұлға уәкілетті органның алдында оған тиесілі барлық ашық жинақтаушы қорының акцияларын өтініште көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтініш етуге құқылы.
      Өтініште көрсетілген акцияларды сатып алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын орындаған жағдайында ғана уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
      Акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру негіздері акцияларды уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берген күннен бастап екі айдың ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сату арқылы иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акцияларын уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берген тұлғаларға аударылады.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаның акцияларын сату бойынша іс-шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
      10) 45-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары және (немесе) ашық жеке зейнетақы шоттары болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.";
      5-тармақ алынып тасталсын;
      11) 45-1-бапта:
      1-тармақта:
      2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдаған күні жинақтаушы зейнетақы қорында қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарының жоқтығын растайтын ақпараты;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының жоқтығын растайтын құжат;";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтініші және осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысының қолы қойылып, қордың мөрімен расталуы тиіс.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті орган ерікті тарату туралы шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде ол туралы орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.";
      3-1-тармақ алынып тасталсын;
      12) 49-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының
                 есептілігі
      1. Заңды тұлға болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны ұсынуға тиіс.
      2. Жеке тұлға болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мынадай ақпаратты қамтыған есептілікті ұсынуға тиіс:
      1) басқа тұлғалармен бірге, олардың арасындағы шарттың негізінде не өзге жолмен ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдеріне ықпалын жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін анықтайтын өкілеттіктер берудің сипаттауы бар;
      2) жарғылық капиталдардағы оған тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып, ұйымдарда өзі тағайындалған лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы оған тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) алынған заемдар есебінен иелену туралы;
      4) жақын туыстары, зайыбы және зайыбының (ерінің) жақын туыстары туралы.
      3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      4. Заңды тұлға болып табылатын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам процентін иеленген (дауыс беруге мүмкіндігі бар) ірі қатысушы уәкілетті органға мыналарды ұсынуға тиіс:
      1) тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны есеп беретін тоқсаннан кейін келетін қырық бес күн ішінде;
      2) аудиторлық ұйыммен расталмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде.
      5. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбасында, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін иеленген (дауыс беруге мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсандық және жылдық қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбаларында мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан кеп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы баптың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етуге тиіс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғасының басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлғасы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді көрсетілген өзгерістер болған сәттен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.
      6. Өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйымымен расталмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбасын ұсынуға тиіс.
      Өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбасында мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы.
      7. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілігін, оған түсіндірме жазбасын және осы баппен көзделген өзге мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
      8. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсынады, бұл ретте егер ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы талап етілген кезеңге бұл қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсынған болса қаржылық есептілігі мен оған түсіндірме жазбасы ұсынылмайды.";
      13) 49-3-бап:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Аудиторлық есептің көшірмесі және аудиторлық ұйымның ұсыныстары көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға берілуі тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы уәкілетті органға өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымының ұсыныстарын ұсынады.
      Өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы орналасқан елінде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқылы аудиторлық ұйымымен расталуға тиіс.
      1-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымының ұсыныстарын мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.".
      4. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат, N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат, N 18, 145-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      "15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                 аффилиирленген тұлғаларына жеңілдік талаптарын
                 ұсынуына тыйым салу
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдік талаптарын ұсынуына тыйым салынады.
      2. Жеңілдік талаптарын ұсыну мыналарды білдіреді:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оның табиғатына, мақсатына, ерекшеліктеріне және тәуекелдеріне сай мүддесі үшін онымен мәміле жасамауы мүмкін аффилиирленген тұлға болып табылмайтын клиенттермен мәмілеге келу;
      2) төмен сақтандыру тарифін қолдану не басқа сақтанушыларға қарағанда жоғары сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай да бір тұлғамен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы алдында міндеттемені төлеу мүмкіндіктерін беру мақсатында мәмілеге келе алмайды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптарын ескеріп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына ұсынылған (орналастырылған) активтерге қатысты талаптар құқығынан бас тарту кейіннен акционерлердің жалпы жиналысында хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен мыналардың арасындағы кез-келген мәмілені қарауға және шешімдер қабылдауға қатыспауы тиіс:
      өздері;
      өзінің жақын туыстарының кез-келгені;
      өзі немесе жақын туыстарының бірі лауазымды тұлға немесе ірі қатысушы болып табылатын кез-келген заңды тұлға.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез-келген мәміле бойынша Директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық талаптарын қарағаннан кейін қабылдануы мүмкін.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысандар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.";
      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент емес ірі қатысушысы өзі орналасқан елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент емес ірі қатысушысы осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымын уәкілетті органға ұсынады.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент емес ірі қатысушысының жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп беруін Қазақстан Республикасының резидент емес ірі қатысушысының тұрғылықты жеріндегі елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауы тиіс.
      7-2. Қазақстан Республикасының резидент емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымын мемлекеттік және орыс тілдерінде береді.";
      3) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның лицензиясын алған сәттен бастап екі жыл ішінде, ал "өмірді сақтандыру" саласында - үш жыл ішінде бір аудитор иеленуі мүмкін.";
      4) 26-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "ірі қатысушысы" деген сөздер "ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-7" деген цифрлар "4-7-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша "ұйымының акцияларын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде осының алдында сатып алынғандарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда салық органдарына ұсынылған жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесі және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттар;";
      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын сатып алуға ниеттенген, өзінің тұрғылықты жеріндегі елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды береді:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірі талап ететін барынша төмен рейтингтің болуын растайтын құжат;
      2) шоғырландырыла қадағалануы тиіс Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымы туралы өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының жазбаша растамасы;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге жазбаша келісімін (келісуін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекет заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіндігі жөніндегі өтінішін.";
      10-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялар санының пайыздық ара қатынастары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған факт жеке анықталған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акциялар санына байланысты банктің немесе банк холдингі ірі қатысушысының мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіп бойынша осы факт анықталған күннен бастап бір ай ішінде осының алдында берілген жазбаша келісімнің күші жойылғандығын тану туралы шешім қабылдайды.";
      5) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) егер тұлға осының алдында қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға болып табылған не болып табылатын не қаржы ұйымы заңды тұлғасының ірі қатысушысының бірінші басшысы және (немесе) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын еріксіз тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешімдері қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі қаржы ұйымының басшы қызметкері болған жағдайлар. Аталған талап ету уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешімдерді қабылдағаннан кейінгі бес жыл ішінде қолданылады.";
      6) 27-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшасындағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақшада:
      бірінші сөйлем "әзірленген" деген сөзден кейін ", құжаттарға қол қоюға уәкілетті құрылтайшы тұлға бекіткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем "білім деңгейі" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-1) тармақша алынып тасталсын;
      3-тармақтағы "6-1" деген цифрлар "6" деген цифрмен ауыстырылсын;
      7) 28-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "сәйкес болмауы" деген сөздер "құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы не сәйкес болмауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "құрылтайшылар - жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы - заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болу негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.";
      8) 32-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасы "өтініш берген күнге" деген сөздерден кейін "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымдағы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне үш ай мерзімде өткізуге және оны растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымның акцияларын (қатысу үлесін) өз меншігіне оған қатысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы факт анықталған сәттен бастап бір айлық мерзім ішінде осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды, еншілес ұйымды сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін құжаттарын ұсынуы тиіс.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, ол өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзімен аффилиирленбеген тұлғалар болып табылатын тұлғалардың иелігіне үш ай мерзімде өткізуге және оны растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда, ол осы факт анықталған сәттен бастап бір айлық мерзім ішінде қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынуы тиіс.";
      9) 34-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарындағы осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу қызметін көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;";
      4) тармақша "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушы - жеке тұлға, ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауы тиіс.";
      4-тармақта:
      1), 3) тармақшаларының бірінші бөліктеріндегі "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы" деген сөздерден кейін "директорлар кеңесінің бірінші басшысы," деген сөздермен толықтырылсын;
      "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қана қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік жасайтын басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақтың екінші бөлігінде:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату шараларын қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болса.";
      екінші бөлікте:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату шараларын қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату шараларын қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 37-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмесі;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары;";
      11) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
      5) қоғамның органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін).";
      12) 43-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-1) ерте ықпал ету шараларын қолданады;";
      13) 48-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "листингтің ең жоғарғы және ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасының тізіміндегі санаттар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-бап. Ерте ықпал ету шаралары
      1. Уәкілетті орган сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жай-күйінің нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдауды жүзеге асырады:
      1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін төмендету;
      2) жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативін төмендету;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатуға ықпал ететін өзге де факторлар.
      2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін талдау нәтижелерінде және (немесе) оны тексеру нәтижелері бойынша санамаланған факторлар анықталған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және/немесе оның акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын нығайту, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын және сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ерте ықпал ету шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша нысанда талаптарды жібереді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органның талаптарын алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері туралы мәліметтерді және оларды орындауға жауапты тұлғаларды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын тапсыруы міндетті. Уәкілетті орган ұсынған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде, іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың орындалғандығы туралы есеп береді.
      Егер, іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері бойынша, онда көрсетілген шараларды уәкілетті орган тиімді емес деп таныған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне мыналар бойынша талаптарды қою арқылы мынадай ерте ықпал ету шараларының бір немесе одан астамын қолданады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдастыру құрылымын және (немесе) штат санын өзгерту;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеу, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі бар сақтандырудың кейбір сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу арқылы;
      3) дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтату;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кез-келген басшы немесе өзге қызметкерлерін қызметінен тұрақты немесе уақытша шеттету;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде өсіру;
      6) әкімшілік шығыстарын, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыны төмендету, еншілес ұйымдарды жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, оның шегінен тыс аумақтарда тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін кеміту жолымен қысқарту.
      3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсынбаған немесе белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды орындамаған, сондай-ақ уәкілетті органның талабында көрсетілген ерте ықпал ету шараларын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне осы Заңда көзделген ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
      4. Ерте ықпал ету шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";
      15) 53-1-бапта:
      атауындағы "қатысушыларына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "ірі қатысушы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін "ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғалар, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "зиян келтірілген" деген сөздерден кейін "немесе зиян келтірілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін "ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғалардың, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "зиян келтірілген" деген сөздерден кейін "немесе зиян келтірілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшада:
      "ұйымы" деген сөзден кейін "ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаның және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ірі қатысушы белгісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғалардан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан оларға тікелей немесе жанама тиесілі акциялар санын дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;";
      2) тармақшада:
      "(тікелей және жанама операцияларды)" деген сөздерден кейін "ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісін иеленетін тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беру тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш ай мерзімге дейін беріледі.
      Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың иесі сенімгерлікпен басқаруда болған акцияларға қатысты қандай да бір іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы емес.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өзіне тиесілі барлық акцияларын өтініште көрсетілген тұлғаларға сату жөнінде уәкілетті органның алдында өтініш жасауға құқылы.
      Уәкілетті орган өтінішті онда көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда қанағаттандырады.
      Акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру негіздері акцияларды уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берген күннен бастап екі айдың ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сату арқылы иеліктен шығарады. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялары бар тұлғаларға аударым жасалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
      16) 53-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы "анықтаған" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңмен көзделген өзге де талаптарын орындамаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 54-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирлендірілген тұлғаларға жеңілдік шарттарын көрсетуге, осы Заңның 15-1-бабымен белгіленген тыйым салуды бұзған;";
      2-тармақтың бірінші сөйлемі "тыйым салуға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ сақтандыру агенті ретіндегі сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 67-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылатындығы туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оның жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру портфелін жіберілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдауы міндетті.
      Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен анықталады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін бергеннен кейін оны ерікті таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органға өтініш білдіруге құқылы.";
      19) 74-1-бапта:
      1-тармақтағы "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      екінші бөліктегі "бес" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлігі "заңды тұлға" деген сөздерден кейін "өзгерістерді көрсеткен сәттен бастап, отыз күн ішінде уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы болып табылса, онда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсынады, бұл ретте қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, онда ұсынылмайды.
      6. Өзі орналасқан елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент емес ірі қатысушысы қаржылық жылдың аяқталуы бойынша жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есеп беруді және оған аудиторлық ұйым бұрыштама қоймай, қоса берген түсіндірме жазбаны ұсынуы тиіс.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырыла қадағалануы тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент емес ірі қатысушысының жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп беруіне қоса берілген түсіндірме жазбада мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
      1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (акционерінің) ірі қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы.
      7. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есеп беруді, оған қоса берілген түсіндірме жазбаны және осы баппен көзделген өзге де мәліметтерді мемлекеттік немесе орыс тілдерінде береді.".
      5. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      1) айқын басым көпшілік - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
      2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;
      3) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын адам;
      4) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
      5) акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;
      6) акцияның нақтылы құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді);
      7) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізбесі осы Заңның 64-бабында белгіленеді;
      8) дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ нақтылы ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді;
      9) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
      10) жарияланған акциялар - шығарылуын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;
      11) корпоративтік веб-сайт - Интернет желісіндегі қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;
      12) корпоративтік хатшы - директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады;
      13) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі;
      14) қоғамды корпоративтік басқару кодексі - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару барысында туындайтын қатынастарды, соның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін құжат;
      15) қоғамның тіркеушісі - қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;
      16) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам;
      17) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;
      18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы;
      19) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы рыногында құрылтайшылар және инвесторлар құнын төлеген акциялары;
      20) тәуелсіз директор - сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның сол акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның немесе ұйымдардың - сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның аудиторы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; сол акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі;
      21) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      22) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      23) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер.";
      2) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) акционерлердің жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған (егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе);
      1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдау;";
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде шешім қабылдаған күннен бастап акционер өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы талап қоюға құқылы.";
      3) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;".
      6. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат;  4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат, N 17, 141-құжат):
      1) 1-бапта:
      9) тармақшада:
      "болып табылмайтын," деген сөздерден кейін "орталық депозитарий," деген сөздермен толықтырылсын;
      "эмиссиялық бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлға, сондай-ақ жалпы үлестік меншік құқығында бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, пайлық инвестициялық қордың активтерінің құрамына кіретін пайлық инвестициялық қордың пай ұстаушылары;";
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі ақпараты көрсетілетін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі;";
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) тіркелген тұлға - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есепке алу жүйесінде ашылған, жеке шоты бар тұлға;";
      41) тармақша "бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейін "(жеке шоттардың бірыңғай жүйесін)" деген сөздермен толықтырылсын;
      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "42) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауданың көзге көрерлік жасауға, инсайдерлік ақпарат пайдаланылып мәмілелер жасауға бағытталған іс-әрекеттері;";
      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "73-1) орталық депозитарийді есепке алу жүйесі - депозитарий қызметін жүзеге асырған кезде орталық депозитарий қалыптастыратын мәліметтердің жиынтығы;";
      2) 9-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейін "сондай-ақ қоғам оларды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі өзгерген және (немесе) толықтырған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 16-бапта:
      атауындағы және 2, 3-тармақтардағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген қор биржасының санат тізіміне енгізілген эмитент жүзеге асыруға құқылы.
      Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";
      2-тармақтағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 22-1-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген қор биржасының санат тізіміне енгізілуге тиіс;";
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы облигациялар бойынша оларды нормативтік құқықтық актісімен белгіленген қор биржасының санат тізіміне енгізуге қор биржасының келісімі алынуға тиіс;";
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы акциялар нормативтік құқықтық актісімен белгіленген қор биржасының санат тізіміне енгізілуге тиіс;";
      5) 24-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі "сондай-ақ" деген сөзден кейін "бір ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік алынып тасталсын;
      6) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
      1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тіркелуге тиіс.
      2. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу кезінде тіркеуші (нақтылы ұстаушы):
      1) бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге тіркелген адамдардың қарсы бұйрықтары негізінде (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге тіркелген адамдардың қарсы бұйрықтары негізінде бір жақты мәміле тіркелген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде) жеке шоттың бірыңғай жүйесінде бағалы қағаздармен мәмілелерді көрсету туралы орталық депозитарийден растау алғаннан кейін мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырады;
      2) клиентке оның бұйрығын орындағаны туралы есепті мәмілелерді тіркегеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
      Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді растау болып күні мен көрсету уақытын көрсете отырып жеке шоттың бірыңғай жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) мәмілелері туралы мәліметтері бар клиент бұйрықты орындағаны туралы тіркеушінің (нақтылы ұстаушы) есебі болып табылады.
      3. Тіркеуші (нақтылы ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуден бас тартуға міндетті:
      1) егер бұл мәмілелерді тіркеуге ұсынған құжаттар осы Заңның талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына және (немесе) тіркеушінің (нақтылы ұстаушының) ішкі құжаттарына сәйкес келмесе;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде (нақтылы ұстауды есепке алу жүйесі) ашылған жеке шотындағы бағалы қағаздардың саны орталық депозитарийдің деректемелерімен сәйкес келмеген кезде орталық депозитарий жеке шоттың бірыңғай жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) мәмілелерді көрсетуден бас тартқан жағдайда.
      4. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу депоненттердің немесе бағалы қағаздармен мәмілелерді не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжаттарды тіркеуге сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.
      Депонент депоненттің клиенті бұйрығы негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге бұйрықты ресімдейді.
      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді көрсету депонент нақтылы ұстаушының есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы орталық депозитарийдің есебі негізінде.
      5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өзгерістерді тіркеуді немесе құқықтарды тоқтатуды тіркеуші (нақтылы ұстаушы) жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті реквизиттер бар атқарушы парақ негізінде орталық депозитарий көрсетеді.
      7. Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негіздер болмаған жағдайда орталық депозитарийдің, тіркеушінің, нақтылы ұстаушының тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша жазбаларды өз бетінше енгізуге құқығы жоқ.
      8. Тіркеуші (нақтылы ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде (нақтылы ұстауды есепке алу жүйесі) ашылған жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздар санын дербес есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректемелерімен салыстырып тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
      9. Жеке шоттар бойынша тіркеушінің (нақтылы ұстаушының) жазбалар енгізуі үшін негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны бірдейлендіретін құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиіс.
      10. Есепке алудың ерекшеліктері және шет бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларын жүзеге асыратын шетел мемлекеттерге қатысты құқықтарды растау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
      11. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.";
      7) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі (жеке шоттың бірыңғай жүйесінде) және (немесе) нақты ұстаушының есепке алу жүйесін жегі және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзінді табыс ету арқылы жүзеге асырылады.
      Үзіндіні ресімдеу мен беру тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және орталық депозитарийдің және тіркеушінің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесіндегі (нақтылы ұстаушы жүйесі) туралы жеке шотынан үзіндіде тіркеуші (нақтылы ұстаушы) көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрі туралы мәліметтер тіркеуші (нақтылы ұстаушы) клиентінің жеке шоттың бірыңғай жүйесіндегі (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша сондай мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда жеке шоттың бірыңғай жүйесіндегі (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) мәліметтер басымдыққа ие болады.
      Жеке шоттың бірыңғай жүйесінен тіркелген тұлғаларға ақпаратты ұсыну тіркеуші лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда ғана уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жүзеге асырады.";
      8) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бұйрық орындауға қабылданған кезде тіркеуші (нақтылы ұстаушы):
      1) бұйрықты берген тұлғаның өкілеттігін, сондай-ақ бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес болуын тексеруге міндетті;
      2) бұйрықты тіркеуге;
      3) бұйрықта көрсетілген іс-әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруге;
      4) орталық депозитарийге жеке шоттың бірыңғай жүйесінде бағалы қағаздармен мәмілелерді көрсету үшін бұйрықты жібереді (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі);
      5) жеке шоттың бірыңғай жүйесіндегі (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) мәмілелерді көрсету туралы орталық депозитарийден растау алған күннен кейін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде (нақтылы ұстаушы жүйесінде) мәмілелерді тіркеуді жүргізсін;
      6) клиентке оның бұйрығын орындағаны туралы есепті жүргізілген операция туралы орталық депозитарийден растау алғаннан бастап кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді;
      7) бұйрықты орындаудан бас тарту үшін негіз болған кезде өтініш берушіге бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.";
      9) 45-бапта:
      4-1-тармақта:
      бірінші бөліктің бесінші абзацы алынып тасталсын;
      екінші бөлігіндегі "Ішкі құжаттарды" деген сөздер "Осы тармақпен көзделген ішкі құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "жарғылық капиталын қалыптастыру" деген сөздер "акцияларын төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 48-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) алғашқы үш жылында өтініш берушінің директорлар кеңесі бекіткен бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер көрсетілуі тиіс:
      лицензияны алу мақсаттары;
      қызметінің негізгі бағыттарын және оған өтініш беруші бағдар жасаған рынок сегментін шолуды сипаттау;
      қызмет шеңберіндегі болжанатын қызметтер, оларды бағалау тәртібі, сондай-ақ оларды сату шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар туралы ақпарат;
      қызметке байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капитал есебінен өтеу, меншікті капиталының жеткілікті мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
      қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамы, көрсетілген кезеңде рұқсат етілген шығындылық коэффициенттері;
      инвестициялық саясат, компанияның қызметін қаржыландыру көзі;
      өтініш берушінің ұйымдастыру құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру әдісін сипаттау, сондай-ақ мамандардың білім беру деңгейіне қойылатын талаптар;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) тексеру жүргізудің тәртібі мен кезеңділігі және ішкі аудит қызметі туралы есеп құру мерзімін айқындайтын өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.";
      12) 54-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) уәкілетті орган тізбесін белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша қызмет көрсету осы бапта белгіленген жұмыс стажы жоқ;";
      5) тармақша "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысының бірінші басшысы - заңды тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болу тиіс.";
      4-тармақта:
      1), 3) тармақшалардағы "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "(лицензиаттың)" деген сөзден кейін "директорлар кеңесінің бірінші басшысы," деген сөздермен толықтырылсын;
      "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, сондай-ақ өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелерін, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін ерекше басшылық ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақтың екінші бөлігі "бұзуға" деген сөзден кейін ", не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкерінің өкілеттігін тоқтату бойынша шаралар қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      3) тармақшадағы "негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";
      екінші бөлікте:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "бұзуға" деген сөзден кейін ", не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкерінің өкілеттігін тоқтату бойынша шаралар қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;
      13) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "56-бап. Жосықсыз мінез-құлыққа тыйым салу. Бағалы қағаздар
               рыногында айла-шарғы жасау
      1. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің:
      1) Бағалы қағаздар рыногының субъектілерге бағалы қағаздар рыногында олардың әрекетін өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуіне;
      2) бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйектемесіз мәліметтер таратуына тыйым салынады;
      3) Бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасауға тыйым салынады.
      Бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
      Бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.
      2. Бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында мәмілелерді жасалған деп тануды қор биржасының Директорлар кеңесінің сараптама қорытындысын (егер мұндай мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса) қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелері бойынша сараптама қорытындысын дайындау үшін қор биржасы Директорлар кеңесінің комитетін құрады.
      Қор биржасының Директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелері бойынша комитеті (бұдан әрі - осы бапта - сараптама комитеті) қор биржасының Директорлар кеңесінің мүшелерінен, уәкілетті органның өкілдерінен, қор биржасының қызметкерлерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар сарапшылардан тұрады.
      Қор биржасының атқарушы органның басшысы сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды.
      4. Сараптама комитетінің құру және қызмет ету тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау мәніне бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуге және талдауға мына талаптардың кез келген біреуіне тиісті мәмілелер жатады:
      1) бес жұмыс күні ішінде жасалған, орындалуы осы мәміле тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне әкеп соқпаған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері (мәміле тараптарындағы бағалы қағаздардың алғашқы санының он пайыз шегінен аспайтын айырмашылық бағалы қағаздар санының елеулі өзгерісі деп танылады);
      2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қарама-қарсы бұйрықтар негізінде жасалған мәміле не бірнеше мәміле;
      3) осы бағалы қағаздардың мұндай мәміле жасалғанға дейін бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан бағаларынан айтарлықтай өзгеше, алдын ала келісілген баға бойынша жасалатын мәміле;
      4) инсайдерлік ақпарат пайдаланылып жасалған бағалы қағаздармен мәміле;
      5) ұсыныс және (немесе) сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауданың көзге көрерлік жасауға бағытталған мәміле.
      6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілерді тану тәртібі мен шарты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";
      14) 57-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Нақты ұстаушының клиентіне тиесілі қаржылық құралдарына нақты ұстаушының міндеттемелері бойынша өндіріп алу айналымына жол берілмейді.";
      15) 59-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін клиенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша өзгерістер енгізуіне;";
      16) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін
               жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді осы Заңға, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің ішкі құжаттарына және эмитентпен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу шартына, сондай-ақ орталық депозитарийдің ережелер жинағына сәйкес тіркеуші жүзеге асырады.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты міндетті болып табылады.
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жеке шоттарының бірыңғай жүйесін жүргізуге орталық депозитариймен жасалған шарты болған кезде тіркеуші жүзеге асырады.
      3. Тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бірлесіп осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан да көп процентін иеленетін эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
      4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мәліметтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тіркеушінің ішкі құжаттарында және орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілуге тиіс.
      5. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттардың тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақтау мен жүргізу тәртібі, жеке шоттардан үзінділердің нысандары және оларда көрсетілетін мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      6. Тіркеушінің лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырған жағдайларда, сондай-ақ тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жаңа тіркеушіге тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орталық депозитарий ережелер жинағына сәйкес жеке шоттарының бірыңғай жүйесіндегі мәліметтерді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөнінде эмитент жаңа шарт жасасқан жаңа тіркеушіге тапсыруға құқылы.";
      17) 66-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің қалыптасқан жүйесін орталық депозитарийге тапсыру;";
      10) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "осы Заңға және өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 68-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған құжаттарды өткізу тіркеушілер өкілдерінің қатысуымен қабылдау-өткізу актісін жасау арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін бұрынғы тіркеуші орталық депозитарийге жаңа тіркеушіні көрсете отырып бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін тапсыру туралы хабарлауға міндетті. Жаңа тіркеуші қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұрынғы тіркеушіден қабылданған құжаттардағы мәліметтерді эмитенттің ол шарт жасасқан бағалы қағаздар тізілімдерінің жүйесіне енгізуге міндетті. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесіне мәліметтерді енгізгеннен кейін жаңа тіркеуші бұл жөнінде орталық депозитарийге хабарлауға және жаңадан қалыптасқан бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін ұсынуға міндетті.";
      19) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кастодиан шетелдік клиенттеріне қызмет көрсеткен жағдайларды қоспағанда, кастодиан өзінің клиентінің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.";
      20) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Орталық депозитарий жеке шоттарының бірыңғай жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.";
      21) 81-бапта:
      1-тармақта:
      екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық депозитарийдің ережелер жинағын сақтау орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
      Орталық депозитарийдің ережелер жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесімен бекітіледі және уәкілетті органмен келісіледі.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жеке шоттарының бірыңғай жүйесін жүргізу ережесі;";
      22) 82-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының" деген сөздер "сауда-саттықты ұйымдастырушының немесе уәкілетті органның тиісті шешімі," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) тіркеушінің тиісті бұйрықтары болмайынша жеке шоттарының бірыңғай жүйесіне өзгерістер енгізуге;";
      23) 83-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "Қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын бақылауды" деген сөздер "Сауда-саттықты ұйымдастырушысының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 84-бапта:
      5-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімі санатының ауысу мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде өкілдері болып табылатын құзыретіне көрсетілген мәселелерді (бұдан әрі осы бапта - листинг комиссиясы) қарау енетін қор биржасының орган мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ:";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.";
      25) 88-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асырады;
      4-2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыны дайындау;";
      26) 89-баптың 1-1-тармағындағы "қор биржасының ресми тізіміне ең жоғары санат бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген қор биржасының тізім санатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 108-баптың 1-тармағы "лицензиаттардың" деген сөзден кейін "және орталық депозитарийдің" деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 109-бап алынып тасталсын;
      29) 111-бапта:
      2) тармақшадағы "бағалы қағаздармен мәмілелерді" деген сөздер "қызметтің лицензияланатын түрін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) лицензияны ерікті қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату.".
      7. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж.,N 15, 132-құжат; 2004 ж.,N 11-12, 66-құжат;N 16, 91-құжат; 2005 ж.,N 14, 55-құжат;N 23, 104-құжат; 2006 ж.,N 3, 22-құжат;N 4, 24-құжат;N 8, 45-құжат;N 13, 85-құжат;N 15, 95-құжат, 2007 ж.,N 4, 28-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Банктердегі уәкілетті орган өкілінің міндеті,
                 функциялары, құқықтары мен міндеттері
      1. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлерінің қатарынан тағайындалатын өз өкілін банктерге жібереді.
      Бір банктегі уәкілетті орган өкілдерінің санын уәкілетті орган анықтайды.
      2. Уәкілетті орган өкілі өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      3. Уәкілетті орган банктегі өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
      4. Банктегі өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) банктің қаржылық жай-күйіне талдау жасайды;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылайды;
      3) банкте тексеру жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
      4) банк басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша қызмет ететін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банк органдары) мәжілістерінде қадағалаушы ретінде қатысады;
      5) банк акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру және акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірін білдіру құқығынсыз қадағалаушы ретінде қатысады.
      6. Өкілдің мынадай құқығы бар:
      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында банктен және (немесе) оның лауазымды тұлғаларынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілік пен банк органдары мәжілістерінің (сырттай өткізілгендерін қосқанда) материалдарын ауызша және жазбаша нысанда сұрату;
      2) автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарап шығу режимінде) кіруге рұқсаты болу;
      3) банкті бұл туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, кез келген қажетті құжаттардың көшірмелерін өз бетінше түсіру.
      7. Банктегі уәкілетті орган өкілі мыналарға міндетті:
      1) уәкілетті органға өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды банктің бермеуі немесе уақтылы бермеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауға кедергі жасау фактілері, уәкілетті орган өкіліне қатысты банк тарапынан параға сатып алу және қорқыту немесе қысым көрсету туралы ақпарат беруге;
      2) уәкілетті органның банкке өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер бойынша уәкілетті органның тапсырмасындағы өзге де функцияларды орындауға.
      8. Уәкілетті орган өкілі жіберілетін банк мыналарды орындауға міндетті:
      1) уәкілетті орган өкіліне өз функцияларын орындауға жәрдем көрсетуге;
      2) банктің кез келген лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің ақпаратты беру мүмкіндігін және ақпаратты қарау үшін қажетті кез келген көздерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге;
      3) уәкілетті орган өкілінен сауалды алған күні не сауалда белгіленген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
      4) банк қызметіне қатысты ақпараттарға, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарап шығу режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге.
      9. Уәкілетті орган өкілі өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында, оның ішінде уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл ішінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауап береді.
      Уәкілетті орган өкілі уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі уәкілетті органның өкілі болып табылған банкке жұмысқа қабылдана алмайды.
      Уәкілетті орган өкілі банк органдары мәжілістерінің барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауап бермейді.";
      2) 13-1-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкілетті орган ұйымдардың қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс кешенді не ұйымдар қызметінің жекелеген мәселелері бойынша таңдаулы тексерулер жүргізеді.
      Жоспарлы тексеру уәкілетті органның тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексеру жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініш жасауларына байланысты, сондай-ақ уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) өтініш бойынша тексеру - келіп түскен өтініштерге, арыздарға, шағымдарға, хабарламаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы заңнамада белгіленген тәртіпте берілген өзге де ақпараттарға байланысты тағайындалатын тексеру;
      2) бірлескен тексеру - бірнеше мемлекеттік органдардың бірлескен актісімен тағайындалатын және (немесе) бір мемлекеттік органның актісінде тексеруге қатысушы басқа да мемлекеттік органдар көрсетілген актімен тағайындалатын тексеру;
      3) қарсы тексеру - үшінші тұлғаларға қатысты, егер тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның жасалынған операциялар туралы, тексерудің тексеріліп отырған объектісіне байланысты шарттық не өзге де өзара қарым-қатынастарды іске асыру туралы қосымша ақпараттарды алу қажеттілігі туған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреттілік шегінде жүргізілетін тексеру;
      4) рейдтік тексеру - бірнеше ұйымдардың қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру;
      5) қайта тексеру - алдыңғы тексеруде анықталған жөнсіздіктерді жоюды орындау мақсатында жүргізілетін тексеру.";
      3-тармақтағы "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші абзац "тексеру тобы жетекшісінің" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша аралық және (немесе) қорытынды есеппен танысуға және қол қоюға" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада:
      "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тексеру тобынан" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тексеру тобы мүшелерінің" деген сөздер "тексеруші қызметкерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жұмыс жасау үшін" деген сөздерден кейін "ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "өз әкімшілік ғимараттарына" деген сөздерден кейін "(оның ішінде ұйым келісімі бойынша мейрам және демалыс күндері)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері ұйымға танысу үшін берілетін аралық есептер жасауы мүмкін.
      Аралық есеп екі данада жасалып, тексеру тобының орындаушысы мен жетекшісі немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкері қол қояды және ұйымға жіберіледі.";
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ұйым аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні өткенде басшы (орынбасар) не ұйымда тексеру өткізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық есептің бір данасын қайтарады, аралық есептің мазмұнында ескертулер бар болған жағдайда өздерінің жазбаша қарсылықтарын табыс етеді.";
      10-тармақтың бірінші бөлігіндегі "тексеру тобынан" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы "Тексеру тобының мүшелері" деген сөздер "Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайда уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері қол қойған тексеру нәтижелері туралы есептің екі данасы тексеру өткізуді қамтамасыз етуге жауапты ұйымның басшысына (оның орнын ауыстыратын тұлғаға), сондай-ақ коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, үшінші тұлғаларға жіберіледі.";
      13-тармақта:
      бірінші сөйлем "тексеру нәтижелері туралы" деген сөздерден кейін "аралық немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем "Тексеру нәтижелері туралы" деген сөздерден кейін "аралық немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тексеру нәтижелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде ұйым тексеру нәтижелері туралы аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде немесе қорытынды есепті алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде оларды уәкілетті органның тексеруші қызметкеріне немесе уәкілетті органға жазбаша түрде табыс етеді.";
      15-тармақтағы "уәкілетті органның бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының" деген сөздер "уәкілетті органның бөлімшелері басшыларының немесе олардың орынбасарларының, тексеру тобы басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 14-баптың бірінші бөлігіндегі "қажетті ақпарат" деген сөздер "қажетті ақпаратты өтеусіз" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 149-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатымен уәкілетті органға құжаттар тапсырған заңды тұлға;";
      2) 4-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Бұл мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жарияланбауы тиіс.
      Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын басқа құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.";
      2-тармақтың 4) тармақшасы ", сондай-ақ белгіленген мерзімде ақпарат ұсынбаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 6-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны уәкілетті орган осы Заңмен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен береді.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кредиттік бюроның атауы "кредиттік бюро" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс";
      4) 8-бапта:
      3) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервті көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тыс жерде орналасатын резервті сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.";
      5) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      "8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
      1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) лицензиялау;
      2) кредиттік тарихтың деректер базасының басқару жүйесін пайдалануға беру.
      2. Лицензиялау осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Кредиттік бюро кредиттік тарихтың деректер базасының басқару жүйесін лицензия алған күннен бастап 180 күн ішінде пайдалануға беруге міндетті.
      4. Кредиттік бюро кредиттік тарихтың деректер базасының басқару жүйесін пайдалануға беру үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс:
      1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасау;
      2) кредиттік тарихты қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыру;
      3) ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүргізу;
      Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы нәтижелері уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кредиттік тарихтың деректер базасының басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде көрініс табатын кредиттік тарихтың деректер базасының басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шаралардың кредиттік бюромен орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
      5. Уәкілетті органның лицензиясы және кредиттік тарихтың деректер базасының басқару жүйесін пайдалануға беру актісі бар болған кезде ғана кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға жол беріледі.";
      6) 9-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Лицензиат" деген сөз "Өтініш беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кредиттік тарихтың деректер базасының, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің сақталуын қамтамасыз ету мен қорғау бойынша кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған актіні;";
      мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарға мыналар кіруі тиіс:
      1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
      2) кредиттік тарихты қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыру тәртібі және мерзімдері;
      3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтерді есептеу тәртібі;
      4) жақын арадағы үш жылға кірістер және шығыстар туралы жасалған болжам;
      5) кредиттік бюро қызметінің болашақтағы даму жоспары.
      4. Кредиттік бюро лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекен-жай өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға ұсынады.";
      7) 10-баптың 2) тармақшасындағы "9-бабында" деген сөздер "8-бабында және 9-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Заңның 8-1-бабының 3-тармағымен көзделген талапты орындамаса;";
      9) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кредиттік тарих субъектісіне қатысты жағымсыз ақпарат кредиттік бюрода ол туралы соңғы ақпаратты алған күннен кейін жеті жыл бойы сақталады.";
      10) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кредиттік бюролар жүйесіне олардың бұған дейін қатысуына алып келген қызметті жүзеге асырмайтын кредиттік бюроларға ақпарат жеткізушілер кредиттік бюролардың деректер базасына бұрын тапсырылған барлық субъектілер жөніндегі ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартуы міндетті.";
      11) 20-бапта:
      1-тармақта:
      4-тармақшадағы»кредиттік есептерді алушылар болып табылады." деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.";
      12) 24-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "кредиттерді" деген сөзден кейін "(өтеу көзін көрсетумен)" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 27-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді бір жақты тәртіппен орындаудан, егер көрсетілген шартпен басқадай көзделмеген болса, бас тартуға жол берілмейді.";
      14) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары кредиттік есеп уәкілетті органның сұратуы бойынша берілген жағдайларға тарамайды.";
      15) 30-баптың екінші бөлігіндегі "бергендері үшін" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есепті алғаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
      9. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 33-құжат):
      1) 7-бапта:
      атауындағы "және кастодианға" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      2) 37-бапта:
      2-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылжымайтын мүлік қорлары активтерінің құрамында құрылыстағы қатысу үлесінің шарттарынан туындайтын талап құқықтары және жылжымайтын мүліктің реконструкцияланып жатқан объектілері, жобалық-сметалық құжаттама болмауы тиіс.";
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Инвестициялық қордың активтері есебінен бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына салымдардың мөлшері мыналардан:";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз процентінен аспауы тиіс.".
      10. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 90-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      1) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "Осы баптың 2-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген негіздер" деген сөздер "Уәкілетті орган депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берген лицензиядан айыру, сондай-ақ ерікті қайта құру негіздері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 16-баптың атауындағы, 1-тармағындағы "дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын" деген сөздер "мүлігін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармағындағы "дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарының" деген сөздер "мүлігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 18-баптағы "жеті жүз мың" деген сөздер "бір миллион" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 19-баптың 2-тармағындағы "жеті жүз мың" деген сөздер "бір миллион" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап .
      1. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1) тармақшаның жетінші, сегізінші, он бірінші абзацтарын, 6), 7), 8), 15), 16) тармақшаларды, 17) тармақшаның екінші, үшінші абзацтарын, 18), 20) тармақшаларды, 21) тармақшаның төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 22) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтарын, 1-баптың 6-тармағының 27) тармақшасын қоспағанда осы Заң ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банк холдингінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан аса пайызына иелік ететін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне ие, өзі орналасқан жердегі елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын тұлғаларға осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде тиісті құжаттарды тапсырусыз банк холдингі, ірі қатысушы мәртебесі беріледі.
      3. Қаржы ұйымдары өз қызметін осы Заңның талаптарына ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде сәйкес келтірсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады