Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. "
Білім туралы
" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
2) тармақшадағы "ғылыми-зерттеу қызметін және педагогтік қызметті" деген сөздер "ғылыми-техникалық қызметті, соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) аккредиттеу органдары - білім беру ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу үшін құрылған заңды тұлғалар;
2-2) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) - аккредиттеу жүргізу рәсіміне талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының ішкі құжаттары;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы және Қазақстан Республикасы азаматтары қатарынан ғылыми қызметкерлердің шетелдің жетекші ғылыми орталықтарында, жоғары оқу орындары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін тағайындайтын стипендиясы;";
10) тармақшадағы "кәсіптік" деген сөз "жоғары" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы "орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшада:
"талаптар мен стандарттарға" деген сөздер "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жетілдірудің" деген сөз "арттырудың" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) жоғары техникалық мектеп - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білімнің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;";
23) тармақша алып тасталсын;
25) тармақшада:
"білім берудің" деген сөздерден кейін "және магистратураның" деген сөздермен толықтырылсын;
"педагогтік қызметті" деген сөздер "ғылыми-техникалық қызметті, соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) тармақшада:
"дәрежесін" деген сөз алып тасталсын;
"сәйкес келу" деген сөздер "сәйкестігін" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 49-1), 51-1) және 53-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"49-1) "Өркен" білім беру гранты - дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен білім алушыларға ұсынылатын нысаналы ақша сомасы;
51-1) резидентура тыңдаушысы - резидентураның білім беретін оқу бағдарламаларын игеретін маман;
53-1) студент - кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын адам;";
54) тармақшадағы "педагогтік қызметті" деген сөздер "ғылыми-техникалық қызметті, соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:
"54-1) "Үздік мектеп" гранты - мемлекеттік орта білім беретін мекемелерге жұмыстарының жоғары көрсеткіштері үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын төлейтін ақша қаражаты;";
2) 4-бапта:
5) тармақша "білім беру" деген сөздердің алдынан "жоғары білім алуға төлеу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім алуға төлеу үшін "Өркен" білім беру грантын беру ережесін және оның мөлшерін бекітеді;";
6) тармақшадағы ", бекіту тәртібін және оның қолданылу" деген сөздер "және оларды бекіту тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "және Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерін" деген сөздер алып тасталсын;
12) тармақшадағы "Инновациялық университет" деген сөздер "Білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақша "және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды" деген сөздермен толықтырылсын;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"21) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде оқитындарға және тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатты қалыптастыру, жұмсау және оның есебі тәртібін бекітеді;
22) оны беру тәртібі мен мөлшерін белгілей отырып, "Үздік мектеп" грантын беруге арналған конкурс өткізу тәртібін бекітеді;";
23)тармақшадағы "тәртібі туралы ережелерді" деген сөздер "тәртібін" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын айқындайды және олардың мөлшерін бекітеді;";
3) 5-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
10), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) мемлекеттік жоғары оқу орындарын аккредиттеуді ұйымдастырады;
12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және оны бекітеді;";
29) тармақшадағы "ережелерін бекітеді және өткізуді ұйымдастырады" деген сөздер "және өткізу ережелерін бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
"29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, орындаушылардың конкурстары мен спорттық жарыстардың тізбесін бекітеді;";
33) тармақшада:
"бірінші басшыларын" деген сөздерден кейін "және олардың орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі "орынбасарларын және" деген сөздер алып тасталсын;
42) тармақша алып тасталсын;
43) тармақша "жоғары оқу орнынан кейінгі" деген сөздердің алдынан "жоғары және" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакциядағы 45), 46), 47) және 48) тармақшалармен толықтырылсын:
"45) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу ережесін бекітеді;
46) білім беру туралы құжаттарды нострификациялау рәсіміне сараптаманы және техникалық қамтамасыз етуді жүргізу жөніндегі ұйымды айқындайды;
47) білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесін бекітеді;
48) эксперименттік білім беру бағдарламаларын пайдалану нәтижелерін бағалауды жүргізеді.";
4) 6-бапта:
2-тармақта:
11), 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде оқитындарға және тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;";
13) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;";
мынадай редакциядағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) білім беру мониторингін жүзеге асырады;";
3-тармақта:
11) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде оқитындарға және тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;";
"15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
27) білім беру мониторингін жүзеге асырады.";
4-тармақта:
10) тармақша "олимпиадаларын" деген сөзден кейін ", байқаулар мен конкурстарды" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде оқитындарға және тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;";
мынадай редакциядағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
"20) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
21) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.";
5) 7-баптың 2-тармағындағы "оның ішінде ведомстволық" деген сөздер алып тасталсын;
6) 8-баптың 4-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына мыналар:
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасыларының балалары;
9) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша үйде немесе емдеу ұйымдарында оқитын балалар;
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары жатады.";
үшінші бөліктегі "көздерін" деген сөзден кейін ", түрлерін" деген сөзбен толықтырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы аккредиттеуден өту үшін аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.
2. Аккредиттеуден өту туралы немесе аккредиттеуден өтуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы өтініш пен тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын білім беру ұйымдары ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша өз бетінше қабылдайды.
Аккредиттеуден өту шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымдары мен аккредиттеу органы жасаған аккредиттеуден өту туралы шартта айқындалады.
3. Аккредиттеу органы өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе арнайы аккредиттеуді жүргізеді.
4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
5. Білім беру ұйымы халықаралық танылған шетелдік аккредиттеу органы жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.";
8) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді;";
9) 17-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшаның төртінші абзацындағы "қол жеткізілген" деген сөздер "белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "қол жеткізген" деген сөздер "белгіленген" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 20-баптың 1-тармағындағы "орта білімі бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік)" деген сөздер "жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білімі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "Университеттер" деген сөз "Жоғары оқу орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Конкурстық негізде "Өркен" білім беру гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдау "Өркен" білім беру грантын беру ережелерімен айқындалатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.";
4-тармақта:
"жоғары" деген сөзден кейін "немесе жоғары білімнен кейінгі" деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Конкурсқа қатысуға:
1) жоғары арнайы білім, бакалавр, магистр, ғылым кандидаты дәрежелеріне оқу және алу үшін, сондай-ақ клиникалық ординатурада оқу үшін - конкурсқа құжаттар берілген күнді қоса алғанда, 40-қа дейінгі;
2) медицина мамандықтары бойынша ғылым кандидаты, докторы дәрежелеріне оқу және алу үшін - конкурсқа құжаттар берілген күнді қоса алғанда, 45-ке дейінгі жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен үлгі нысанын білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға шарт жасалады.";
5-тармақта:
бірінші бөліктегі "мемлекеттік" деген сөзден кейін "білім беру" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "гранттарын алуға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар құрамына енгізуге" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламалары отбасында немесе мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында іске асырылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Балаларды мектепке дейін тәрбиелеу бес жасқа дейінгі балаларды отбасында және (немесе) бір жасқа толған балаларды қабылдайтын мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында жүзеге асырылады.";
14) 34-бап алып тасталсын;
15) 35-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
16) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "шет елдердің" деген сөзден кейін "жетекші" деген сөзбен толықтырылсын;
17) 37-бапта:
2-тармақтағы "және мемлекеттік ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі кезінде" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, жүз пайыздық акциялары (үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері болып табылатын 45-ке дейінгі жасты қоса алғандағы Қазақстан Республикасының азаматтары ғылыми тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен үлгі нысанын білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.";
18) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім беру туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ танылады.";
19) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығару негіздері мен тәртібін;";
20) 43-баптың 3-тармағында:
мынадай редакциядағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қысқартылған оқыту мерзімдеріндегі білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) "бакалавр" және "магистр" академиялық дәрежелерін беру жатады.";
21) 44-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы "Үкіметі белгілеген" деген сөздер "заңнамасында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "өзінің орынбасарларын және" деген сөздер алып тасталсын;
22) 47-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінде "адъюнкттар" деген сөзден кейін "интерндер" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) кітапханалардың ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға;";
8) тармақша алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлерде білім алушылардан басқа) студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар, резидентура тыңдаушылары, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендиялар төленуі мүмкін. Оның мөлшерін, тағайындау және оларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көзі көрмейтін мүгедектер, құлағы естімейтін мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балалар, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттар мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқылы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан, конкурстық негізде "Үздік мектеп" грантын алған орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде оқуын "жақсы" және "үздік" аяқтаған түлектер қатарынан шыққан оқушыларға одан әрі білім алулары үшін айлық есептік көрсеткіштің 80 еселенген мөлшерінде біржолғы қаржылық көмек көрсетіледі.";
23) 48-баптың 4-тармағы "кәсіптік" деген сөзден кейін ", орта білімнен кейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;
24) 49-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "мектепалды даярлығын" деген сөздер "мектепалды даярлықтан өтуін" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 52-бапта:
7-тармақта:
бірінші абзацтағы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне" деген сөздер "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "18 сағаттан аспайтындай" деген сөздер "18 сағат" сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "24 сағаттан аспайтындай" деген сөздер "24 сағат" сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша:
"30 сағаттан аспайтындай" деген сөздер "30 сағат" сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері үшін белгіленеді.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.";
8-тармақтағы "Мемлекеттік тапсырысты" деген сөздер "Мемлекеттік білім беру тапсырысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 53-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "педагог қызметкерлері" деген сөздерден кейін "мен оларға теңестірілген адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
2) тармақша ". Мемлекеттік грантты жұмсау бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "мемлекеттік грант" деген сөздер "сыйақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 55-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
28) 58-бап алынып тасталсын;
29) 59-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.";
30) 62-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
8-тармақтың екінші бөлігі:
"Орта білімнен кейінгі" деген сөздер алынып тасталынсын;
"өтемді білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша" деген сөздер "ақылы негізде" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 63-бапта:
3-тармақта "ақылы негізде" деген сөздерінен кейін "ақылы қызмет көрсету шартын жасасумен";
32) 64-бап мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Конкурстық негізде "Үздік мектеп" грантын алған орта білім беретін мемлекеттік мекемелер грантты ішінара пайдаланған не мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан, оқуын "жақсы" және "үздік" аяқтаған түлектер арасынан шыққан оқушылар болмаған жағдайда, грантты білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз өтуге жұмсайды.";
33) 68-бапта:
1-тармақтағы "жылғы" деген сөзден кейін "сондай-ақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген 16-бапты, 31-баптың 1-тармағын және 49-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"оқуға түскендер" деген сөздерден кейін "сәйкестендірілетін оқу мерзімдерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
"үлгідегі" деген сөзден кейін "оқуға түскен кездегі қолданыста болған" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті