"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі N 681 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.09.14. N 1368 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

                                                            жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасының патент заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 718-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; 2007 ж., N 5-6, 37-құжат):
      10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау кезінде құрылған өнеркәсіп меншігінің объектісіне патент алу құқығы тапсырыс берушіге де, орындаушыға да тиесілі".
      2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат):
      41-баптың 3-тармағының 4) тармақшасында "ғылыми зерттеулер" деген сөздер "және қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады