"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 706 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарабына жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы»18»шілдедегі
N 706 қаулысымен    
бекітілген       

  "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың
және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылдың екінші
жарты жылдығына арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1366  қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарабы дипломатиялық арналар арқылы  ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2007 жылғы 19 қарашадағы шығ. N 11445/3дснг) зымырандарды ұшырудың қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізуге және әр жоспарланған ұшыруға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-тасығыштардан бөлінетін бөлшектердің құлау аудандарын пайдалануға қатысты барлық екі жақты шарттардың талаптары орындалған жағдайда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және "Союз", "Зенит" зымыран-тасығыштары бойынша 2008 жылға арналған және "Протон", МБР РС-18 зымыран-тасығыштары бойынша 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарларын келісті.
      2007 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның он бірінші отырысы хаттамасының 9-тармағына сәйкес Ресей тарабы Қазақстан тарабына зымыран отынының улылығы жоғары құрамдауыштарын пайдаланатын зымырандардың кейбір типтерін ("Протон", "Циклон", РС-20) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыруды кезең-кезеңмен қысқарту жөніндегі ұсыныстарды енгізгенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарына РС-20 зымыранын ұшыруды енгізу бөлігінде толықтыруды, сондай-ақ "Протон", МБР РС-18 зымыран-тасығыштары бойынша 2008 жылдың екінші жарты жылдығына арналған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыруды және зымырандарды сынақтық ұшыруларды келіседі.
      Оларды келісудің негізгі шарты Ресей тарабының (Ресей Федерациясы СІМ 2008 жылғы 8 мамырдағы шығ. N 4811/3дснг нотасы) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарынан бұрын көзделген РС-18 зымырандарының үш ұшыруының бірін көрсетілген жоспардан алып тастау, Ресей федералдық ғарыштық бағдарламасы, "Ғаламдық навигациялық жүйе" федералдық мақсатты бағдарлама, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар шеңберінде "Протон-М" зымыран-тасығышымен "Дирек ТВ-11/12" ғарыш аппаратын ұшыруды алып тастау туралы міндеттемелерді орындауы, сондай-ақ зымырандар ұшырудың қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізуге және әр жоспарланған ұшыруға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-тасығыштардан бөлінетін бөлшектердің құлау аудандарын пайдалануға қатысты барлық екі жақты шарттардың талаптарын орындау болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады