Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 919 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі N 728 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 919 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 34, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларында:
      1-тармақтағы "900" деген сандар "1500" деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "1500" деген сандар "2000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады