"Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 737 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңының  5-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында әкімшілік-аумақтық бірлік - "Есіл" ауданы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен "Есіл" ауданының әкімшілік шекарасы белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады