Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 763 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі N 633 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 372-1 қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-бағанда реттік нөмірлері 2, 3-жолдардағы "Олар қаржылық қызметтерді ұсынуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады