"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қуаттылығы 127 МВт болатын газ турбиналық электр станциясының құрылысы" инвестициялық жобасы бойынша "Қандыағаш ГТЭС-100" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салық преференцияларының мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді пайдалануға іске қосқан сәттен бастап 10 (он) жыл;
2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді пайдалануға іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов