Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сарбасов - Қазақстан Республикасы Еңбек
Ақмәди Әділұлы және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің департамент
директоры, комиссия хатшысы;
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы Ауыл шаруашылығы министрі;
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Индустрия және сауда министрі;
көрсетілген комиссияның құрамынан А.С.Есімов, Ғ.І.Оразбақов, Е.М.Рахымбергенов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев