Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 809 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Мынадай заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 12 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы ):
      105-баптың 3-1-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру жоспарынан асып кететін шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді" деген сөздер "шарттық міндеттемелер қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжат; N 19, 146, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 15 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы ):
      1) 177, 177-1, 177-2-баптар алып тасталсын;
      2) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "177-1, 177-2," деген сандар алып тасталсын;
      3) 571-баптағы "177," деген сандар алып тасталсын;
      4) 632-баптағы "317-1-бабы" деген сөздер "177-3, 177-4, 177-5, 317-1-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жиырма төртінші және қырық алтыншы абзацтарындағы "177, 177-1, 177-2," деген сандар алып тасталсын.

      3. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 ж., N 12, (2493) мамыр, 86-құжат):
      1) 1-бапта:
      2-2, 2-3, 2-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларына бағытталған қызметті қоспағанда, қоғамның мүддесін қанағаттандыруға әрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды және қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне негізделген қызмет.
      2-3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижелерін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар.";
      "2-5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушыларды, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.";
      2-4-тармақ алып тасталсын;
      2) 9-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-1-бап. Регламент және стандарт";
      2-тармақтағы "стандарты мен регламентін" деген сөздер "стандартын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "мен регламенті" деген сөздер алып тасталсын;
      3) 15-1-бапта:
      тақырыбындағы "көрсетуді жүзеге асыру" деген сөздер "көрсету" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру аясында қызметтер ұсынатын мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "стандарты мен регламентінің" деген сөздер "стандартының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001, N 3, 17-құжат, N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжаттар; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 27-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша "әзірлейді" деген сөзден кейін "және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет параметрлерін мақұлдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1) тармақша алып тасталсын;
      1-2) тармақшадағы "тиісті қаржы жылына арналған" деген сөздер алып тасталсын;
      1-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;";
      1-6) тармақша алып тасталсын;
      2) 31-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша алып тасталсын;
      1-1) тармақшадағы "және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіреді" деген сөздер алып тасталсын;
      1-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;";
      1-5) тармақшадағы "экономикалық, бюджеттік" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10; N 7-8-құжат, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      64-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы "мемлекеттік" деген сөз "бюджеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат, 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат, N 20 (2501), 153-құжат):
      34-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы компаниялардың жарғылық капиталын ұлғайту кезінде акциялардың қосымша эмиссиясын төлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік органдар жүргізеді.".

      7. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 4, 32-құжат):
      1) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен белгіленеді.";
      2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленеді".

      8. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат):
      37-баптың 5-тармағында:
      2) тармақша "себепші болатын" деген сөздерден кейін "активтер мен басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда," деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармақты қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады