Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 837 Қаулысы

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат етілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-Дәрмек" дәрілік заттар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы N 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақ алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 11 қыркүйектегі
N 837 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тізбесі

      1. "Қарағанды облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Қарағанды қаласы.

      2. "Қостанай облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Қостанай қаласы.

      3. "Павлодар облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Павлодар қаласы.

      4. "Жамбыл облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Тараз қаласы.

      5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Өскемен қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады