Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 858 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 419 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы енгізілсін;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      7-тармақта "министрліктерінің" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады