2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімді іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 889 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы заңымен ратификацияланған Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 27-бабының 2-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында Келісімді орындау жөніндегі ұлттық органдар болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті аумақтық органдардың тізбелерін белгілесін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және аумақтық мемлекеттік органдардың тізбелері туралы хабардар етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады