1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 892 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді -  ҚР Үкіметінің 2009.05.08. N 671 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

       Ескерту. Хаттаманың жобасына өзгерту енгізілді -  ҚР Үкіметінің 2009.05.08. N 671 Қаулысымен.

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап

      Тараптар бір Тарап мемлекетінің теміржолдарының құрамына кіретін, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан теміржол көлігінің мүлкі бірінші Тарап мемлекетінің меншігі екендігін мойындайды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының меншік құқығы болып танылған мүлікке қатысты теміржол учаскелерінің тізбесі осы Келісімнің ажырағысыз бөлігі болып табылатын 1-қосымшада келтірілген.
      Теміржол көлігінің көрсетілген мүлкін Тараптар тең бағалы деп таниды. Бұл ретте көрсетілген мүліктің нарықтық құнын бағалау жасалмайды және меншік құқығының ауысуына байланысты өтемақы жүргізілмейді.
      Теміржол көлігінің көрсетілген мүлкі үшінші тұлғаның кез-келген құқығынан еркіндігіне Тараптар кепілдік береді.
      Осы Келісімнің мақсаттары үшін "теміржол көлігінің мүлкі" деп Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы теміржолдарының құрамына кіретін учаскелерде орналасқан, қызметтер көрсетуді, оның ішінде жолаушылар мен жүктердің тасымалын, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға өзге де қызметтерді қамтамасыз ететін, сондай-ақ теміржолшыларға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтер көрсететін кәсіпорындар, сондай-ақ жекелеген мүлік объектілері ұғынылады.
      Осы баптың 1-абзацында көрсетілген теміржол көлігі мүлкінің тізбелерін осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органдар жасайды және бекітеді.
      Осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
      Ресей Федерациясында - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федеральдық агенттік.";
      2) 2-баптың бірінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;
      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"3-бап

      Осы Келісімнің қолданылу кезеңінде теміржолдар мен станцияларға (бөлінген алапты қоса алғанда), құрылыстарға, ғимараттарға, қорғағыш және нығайтқыш екпе ағаштарға және теміржол көлігі мүлкінің өзге объектілеріне бөлінген бір Тарап мемлекетінің жерлері (бұдан әрі - теміржол көлігінің жерлері деп аталатын) жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органның не жер учаскесі меншік иесінің хабарламасымен жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз оларды жалға алушыға беру құқығымен мемлекет меншігінде теміржол көлігінің тиісті мүлігі бар екінші Тарап мемлекетінің жалдауында болады.
      Осы Келісім бойынша бірінші Тарап берген теміржол көлігінің жерлеріне жалдау ақысы екінші Тараптың теміржол көлігі жерлерін қарсы жалға беруі болып табылады. Бұл ретте теміржол көлігінің жері үшін жалға алу ақысының мөлшері бірдей деп танылады.";
      4) 9-бапта:
      бірінші абзацта:
      "әскери күзеттің" деген сөздер "күзет қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
      "әскери нарядтарын (қарауылдарын)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің арнайы жүктерді алып жүретін инкассаторларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күзет қызметтерінің, оның ішінде ведомстволық күзеттің қызметкерлері, Тарап мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің инкассаторлары, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі әскери нарядтардың (қарауылдардың) әскери қызметшілері және қызметкерлері жолаушылар мен жүкке еріп жүруге байланысты қызметтік міндеттерін атқару кезінде поезд жүріп өтетін аумақ бойынша сол мемлекеттің заңдарына сәйкес жолаушылар мен теміржол персоналдарын қорғау, айдауылдағы адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, тасымалданатын жүктерді ұрланудан сақтауды және оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, өзін-өзі қорғауды қамтамасыз ету мақсатында табельдік қаруын қолдануға құқығы бар.";
      5) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:

"9-1-бап

      Теміржол учаскелерінің инфрақұрылымына, жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу, техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды жою және алдын алу үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына өтетін тауарлардың, (арнайы машиналар мен тетіктердің, жұмсалатын материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрал-саймандардың, мүкәммалдың) және көлік құралдарының орын ауысуын кедендік ресімдеу, кедендік және шекаралық бақылау сәйкес мемлекеттік органдардың лицензияларын, әкелуге немесе әкетуге рұқсаттарын және басқа рұқсаттарын ұсынбай, сондай-ақ баж алымдары мен салықтарды алмай, жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Теміржол учаскелерінің инфрақұрылымы объектілерін, жылжымалы құрамын жөндеу, қайта жаңарту, төтенше оқиғаларды жою және алдын алу үшін пайдаланылған, бірақ көрсетілген мақсаттарда жұмсалмаған тауарлар, (материалдар, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, мүкәмммал, арнайы машиналар мен тетіктер) сондай-ақ көрсетілген жұмыстардың аяқталуы бойынша, көлік құралдары олар қай мемлекеттің аумағынан әкелінсе, сол мемлекеттің аумағына қайтарылуы тиіс.
      Теміржол учаскелерінің инфрақұрылымын (жөнделетін объектілерден алынған мүлік, материал, оның ішінде рельс-шпалдық тор) және жылжымалы құрамын жөндеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар осы учаске темір жолы құрамына кіретін мемлекеттің аумағына ауыстырылуы тиіс.
      Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан бірінші Тарап мемлекетінің темір жол учаскелеріндегі техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды жою және оның алдын алу үшін жолды, темір жол көлігі инфрақұрылымының өзге объектілерін, жылжымалы құрамды жөндеу және темір жол қатынасындағы өзге кедергілерді жою бойынша жұмыстармен айналысатын, персонал санатынан тұлғалардың осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі визасыз режимде тұлғаны куәландыратын құжаттар көрсету кезінде жүзеге асырылады.
      Көрсетілген персонал құрамына кіретін және визасыз кіру режимін пайдаланатын тұлғалардың тізбесі тиісті теміржол учаскелерін пайдаланатын теміржол көлігі ұйымдары жасайтын тізімдер негізінде анықталады.
      Тізімдердің нысаны мен мазмұнын, оларды екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органдарымен келісу тәртібін, сондай-ақ мұндай қызметкерлер санаттарының тізбесін және олардың екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу шарттарын Тараптардың уәкілетті органдары белгілейді.

9-2-бап

      Бір Тарап мемлекетінің осы Тарап теміржол объектілерін күзету үшін таңдап алған күзет қызметтері күзет қызметіне лицензия алуға және оны екінші Тарап мемлекеті аумағында осы Тараптың заңнамасына сәйкес, оның ішінде екі Тарап мемлекеттері азаматтарын жалдау құқығымен жүзеге асыруға құқылы.
      Бірінші Тарап мемлекетінің теміржолы құрамына кіретін, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан теміржол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары осы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы күзет қызметіне лицензия алуға және күзет қызметін құруға құқылы.";
      6) Келісімге 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының    
Үкіметі мен Ресей Федерациясы  
Үкіметінің арасындағы теміржол 
көлігі кәсіпорындарының, мекемелері
мен ұйымдарының қызметін құқықтық
реттеудің ерекшеліктері туралы 
келісімге 1-қосымша      

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының меншік құқығы танылатын мүлікке қатысты мемлекет теміржол учаскелерінің тізбесі

      А. Ресей темір жолдарының құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, мүлкі Ресей Федерациясының меншігі болып табылатын учаскелер:
      Привольжск темір жолы
      Мемлекеттік шекара - Молодость разъезі — мемлекеттік шекара
      (Верхний Баскунчак - Урбах желісі)
      Мемлекеттік шекара — Жәнібек станциясы - мемлекеттік шекара
      (Верхний Баскунчак - Урбах желісі)
      Оңтүстік Орал темір жолы
      Мемлекеттік шекара - Исян аялдау пункті - Еманкино аялдау пункті - мемлекеттік шекара
      (Қарталы - Золототая Сопка желісі)
      Мемлекеттік шекара - Орленок аялдау пункті - Петропавл станциясы қоса алғанда - Қарақоға станциясы - мемлекеттік шекара
      (Қорған - Петропавл желісі)
      Мемлекеттік шекара — Союзная станциясы - мемлекеттік шекара
      (Разведка - Рудный клад желісі)
      Батыс Сібір темір жолы
      Мемлекеттік шекара - Өрлітөбе басып озу пункті - Қызылтұз басып озу пункті - мемлекеттік шекара
      (Ертіс — Қарасу желісі)
      Б. Қазақстан темір жолдарының құрамына кіретін, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын учаскелер:
      Мемлекеттік шекара - Уютный разъезі — Қосарал разъезі - мемлекеттік шекара
      (Озинки — Илецк - Қандыағаш желісі)
      Мемлекеттік шекара - Локоть станциясы
      (Локоть - Семей желісі)
      Локоть станциясы - Третьяково станциясы - мемлекеттік шекара
      (Локоть - Защита желісі).".

2-бап

      Келісімнің 1-бабында көрсетілген теміржол көлігі мүлкіне Тараптардың меншік құқығы екінші Тарап үшін осы Хаттама күшіне енген күні туындайды.

3-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және ратификациялық грамоталар алмасқан күнінен бастап күшіне енеді.
      ______________қаласында "____" ______________ жылы әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалған, әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Осы хаттаманы түсіндіруде алшақтықтар пайда болған жағдайда түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады.

          Қазақстан                                    Ресей
      Республикасының                              Федерациясының
      Үкіметі үшін                                 Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады