"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 896 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

                                                             Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 555-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде осы тармақта санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалса, онда кеден органдары осы Кодекстің 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 447 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша) , 461 (1, 2, 4, 6-1 бөлігінде), 463 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 477 (төртінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";
      2) 636-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының отызыншы абзацында "434" сандардан кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      ", сондай-ақ осы Кодекстің 323, 357-1, 461 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша.".
      2. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат):
      1) 19-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:
      "12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік, санитарлық-карантиндік, ветеринариялық бақылау және өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды жүргізу.";
      2) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары мен өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.".
      3. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат, N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; 2003 ж., N 15, 121-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      10-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды жүргізу үшін кеден органдарына өсімдіктер карантині жөніндегі Мемлекеттік инспекторлар іссапарға жіберіледі.
      Осы Заңның 7-бабының 1-тармағының 16) және 19) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.".
      4. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 11-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшаның бесінші абзацында "ветеринариялық бақылау бекеттерінде" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 14-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.";
      3) 20-бапта:
      4-тармақта "кедендік пункттерінде" деген сөздердің алдында "автомобиль пункттерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта "Мемлекеттік шекарадағы және көліктегі ветеринариялық бақылау бекеттерінің" деген сөздер "Шекара және кеден пункттерінің (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің);" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 8-баптың 10) тармағында "автомобиль және" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.".
      6. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат, 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      6-баптың 3-тармағында "Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көліктік бақылау органдары" деген сөздер "Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктеледі.".
      8. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15; 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 16, 129-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) көліктік бақылау посты - күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;".
      2) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көлікті бақылау посттарында, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерін және көлікті бақылау посттарын құруға техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырусыз жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлікті бақылау посттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
      3) 13-бапта:
      8) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 19-4-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) көлікті бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді;";
      4) 15-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көлікті бақылау посттарында автокөлік құралдарын тоқтатуға;";
      5) 19-4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері мен көлікті бақылау стационарлық посттары күрделі ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, деректерді жинау, беру және шоғырландыру үшін бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазіргі заманғы телекоммуникациялық және компьютерлік жабдықтармен жарақталуға тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттері қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.";
      6) 19-7-бапта:
      3) тармақша "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақшада "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;";
      17) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "1), 2), 7), 11), 14), 15), 16), 18)-21) тармақшаларды қоспағанда, осы бапта көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.".

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады