Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 219-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және мәтініндегі "Алматы қаласында" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Алматы қаласының" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Алматы қаласының әкімі", "әкімдік", "қаланың" деген сөздер тиісінше "Астана және Алматы қалаларының әкімдері", "әкімдіктер", "қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамында:
тақырыбындағы "Алматы қаласында" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мыналар енгізілсін:
"Есімов - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Ахметжан Смағұлұлы орынбасары
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы және минералдық ресурстар министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Мәшбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі
Мұқашев - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Мәулен Шапанбайұлы орынбасары
Рақымжанов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Әмірхан Мұратпекұлы
Дәненов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Жұмағалиұлы министрінің орынбасары
Ермегияев - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы және спорт вице-министрі
Котлов - "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын
Аңдрей Николаевич ұйымдастыру комитетінің атқарушы
дирекциясы" акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)
Асенов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Алмаз Тұрсынбайұлы министрлігі Спорт комитетінің
төрағасы, Армия орталық спорт
клубының бастығы
Қазбеков - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қанат Мелдебекұлы спорт министрлігінің Спорт комитеті
спорт инфрақұрылымы және
лицензиялау басқармасының бастығы,
хатшы;
"Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Алматы қаласының әкімі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары";
көрсетілген құрамнан Бөкенов Қайрат Ахмәдиұлы, Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Коржова Наталья Артемовна, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы, Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Қазыханов Ержан Хозейұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Новиков Павел Максимович шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов