"Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қазандағы N 972 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

                                                      жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы

      Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      үшінші елдермен саудада және тауарлармен өзара саудада деректердің толық және дұрыс есебін жүргізуді қамтамасыз ету, негізгі үрдістерді, сыртқы сауда ағындарының құрылымы мен динамикасын талдау, кеден одағының органдарын сауда саясаты аясында шешімдер қабылдау үшін тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім кеден одағының тауарларымен сыртқы сауда статистикасының (бұдан әрі — сыртқы сауда статистикасы) және тауарлармен өзара сауда статистикасының (бұдан әрі - өзара сауда статистикасы) кедендік статистикасын жүргізу кезінде туындайтын қарым-қатынастарды реттейді.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін кеден одағының тауарлары деп:
      кедендік мақсаттар үшін кеден одағының кеден аумағында еркін айналымда орналасқан беделі бар, яғни кеден одағының кедендік аумағынан әкетілмеген тауарлар;
      кеден одағына мүше мемлекеттерде толық өндірілген тауарлар;
      кеден одағының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылған тауарлар;
      кеден одағына мүше мемлекеттерде кеден одағының кедендік аумағында толығымен өндірілген немесе шығарылған тауарлардан жасалған тауарлар деп түсіндіріледі.
      Осы Келісімдегі ұғымдар кеден одағының шеңберінде жасалған басқа халықаралық келісімдерде бекітілген мағынада пайдаланылады.

3-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы келісімге сәйкес бекітілген Кеден одағының комиссиясы әзірлеген әдістемеге сәйкес сыртқы сауданың статистикасын және өзара сауданың статистикасын жүргізуді дербес жүзеге асырады.
      Тараптар Кеден одағының комиссиясын Тараптардың уәкілетті органдары, олардың ресми атаулары туралы және Тараптар уәкілетті органдарының өзгерістері туралы хабардар етеді.
      Тараптар Кеден одағының комиссиясын ресми атаулар мен өздерінің уәкілетті органдарының өзгерістері туралы ескертеді.
      Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтер сыртқы сауда статистикасын қалыптастыру кезінде бастапқы деректер болып табылады.
      Өзара сауда кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Тараптардың уәкілетті органдарына ұсынатын құжаттардағы мәліметтер өзара сауда статистикасын қалыптастыру кезінде бастапқы деректер болып табылады.
      Кеден одағының сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын қалыптастыру Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары ұсынған Тараптардың сыртқы және өзара сауда деректерінің (бұдан әрі - сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректері) негізінде жүзеге асырылады.

4-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары Кеден одағының комиссиясын оларды беру тәртібі жеке хаттамамен ресімделетін сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерімен қамтамасыз етеді.
      Тараптар уәкілетті органдардың санынан сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін ұсынуға жауапты органдарды (бұдан әрі - деректерді ұсынуға жауапты органдар) тағайындайды.
      Осы Келісімнің шеңберінде Тарап мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес құпия немесе таратуға шектелген деректер ұсынылмайды.

5-бап

      Сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу мақсатында Кеден одағы комиссиясының құрамында беделі хаттамамен айқындалатын Кедендік статистика орталығы құрылады.
      Кедендік статистика орталығы:
      деректерді ұсынуға жауапты органдардан сыртқы сауда статистикасының жэне өзара сауда статистикасының деректерін алуды;
      сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін қалыптастыруды;
      кеден одағының органдарына сыртқы және өзара сауда статистикасының деректерін ұсынуды;
      сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін жариялауды және Тараптарға жіберуді қамтамасыз етеді;
      Кедендік статистика орталығы алынған деректерді оған ұсынылған уәкілеттіктер шегінде қамтамасыз етеді.

6-бап

      Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының біркелкілігін жүргізу мақсатында Кеден одағының комиссиясы:
      деректерді салыстыруды қамтамасыз ететін сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді;
      сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының бірыңғай жіктеушілерін жүргізуді жүзеге асырады.

7-бап

      Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының жариялануға жататын деректері:
      Жалпы экспорт және импорт, соның ішінде мемлекеттер бойынша деректерді;
      Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес "тауар - ел" бөлігінде және "ел - тауар" бөлігінде табиғи және құндылық түрінде экспорт пен импорт бойынша деректерін қамтиды.
      Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректері жыл қорытындылары бойынша тоқсан сайын жарияланады.

8-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілу мүмкін.

9-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға байланысты Тараптар арасындағы қарама-қайшылықтар Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Еуразия экономикалық қоғамдастығының сотына қарауға жіберіледі.

10-бап

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу туралы хаттамасымен ресімделеді.
      2008 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Түпнұсқа дана депозитарий болып табылатын Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жіберетін Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетінде сақталады.

  Беларусь              Қазақстан             Ресей
Республикасының      Республикасының      Федерациясының
Үкіметі үшін          Үкіметі үшін        Үкіметі үшін

      Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.

       Қаржы министрі                              Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады