Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194
Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат, N 42, 476-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацындағы "дербес құрамын" деген сөздер "құрамын" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008 жылғы
N Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
N Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы - төраға
Президенті Әкімшілігінің
Басшысы
Қазақстан Республикасының - төрағаның орынбасары
Индустрия және сауда министрі
Қазақстан Республикасы - хатшы
Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің төрағасы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
"Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар
бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
"Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды
тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі
"Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар
өндірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
(келісім бойынша)
"Қазақстан машина жасау одағы" заңды тұлғалар бірлестігі
басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
"Қазақстан Республикасының тауар өндірушілер және
экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар
бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
"Қазақстан сүт одағы" қоғамдық бірлестігі басқармасының тең
төрағасы (келісім бойынша)
"Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
(келісім бойынша)
"Сапа көшбасшылары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің
төрағасы (келісім бойынша)