Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы N 1050 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1078 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 619-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесінде:
      "3. Өнеркәсіптік объектілер" деген бөлімде "2004 жылғы 27 ақпандағы N 239" деген сөздер "2007 жылғы 8 қыркүйектегі N 781" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады