Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 580 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1078 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 994; 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциялары.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік ғимараты.

      3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары.

      4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы.

      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты.

      5-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының әкімшілік ғимараты.

      6. Орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.

      8. "Орталық мемлекеттік мұрағат" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік ғимараты.

      10. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының автошаруашылығы.

      11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы.

      12. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі.

      13. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 27.12.2019 № 994 қаулысымен.

      14. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметінiң
  2014 жылғы 9 қазандағы
  № 1078 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 619-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1050 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 487-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 32-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1697 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 264-құжат).

      5. "Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 495-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1365 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 953-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 181-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады