Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853
Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі
N 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қ
АУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; 2003 ж., N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат, 2007 ж., N 3, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "2015" деген сандар "2028" деген сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацында "982,3" деген сандар "2000" деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы қарашаның
N Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853
Жарлығымен бекітілген,
"Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық аймағы
туралы Ережеге қосымша
"Ақтау теңіз порты" АЭА жалпы S=2000 га
РҚАО-ның ескертуі: картаны қағаз мәтінінен қараңыз.