Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 340 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1092 Қаулысы

      "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 340 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта "208126000 (екі жүз сегіз миллион бір жүз жиырма алты мың)" деген сөздер "169318000 (бір жүз алпыс тоғыз миллион үш жүз он сегіз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады